Іс-шара барысында оқырмандарға Сұлтан Қалиевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Ел ағасының өмір өткелдері» тақырыбында әдеби вернисаж өткізілді. Ақынның өмірі мен шығармашылығынан мәліметтер берілді. Қатысушылар «Біз шадыман баламыз», «Қандай болып өсемін», «Кішкентай астрономдар», «Теміртесер» кітаптарымен таныстырылды. Сондай-ақ, ақынның кітаптарынан жұмбақтар жасырылып, бүлдіршіндер жарыса жауап берді. Оқырмандарға Сұлтан Қалиевтың жазған өлеңдері қатты ұнады. Әрбір туындысына балалар қызығушылық танытып, іс-шараға белсенді атсалысты.
Ақынның адалдық, ізгілік, достық, өнер-білімге шақыратын шығармалары бүлдіршіндердің санасын одан әрі жетілдіріп, білімдерін шыңдай түсуіне ықпалы зор. Сондықтан жас буынның осындай талантты тұлғалардың шығармаларын оқуы ең негізгі тәрбие көзі болмақ.
Іс-шара соңында кітапханашы «Балаларға базарлық» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.
-
Пайдаланған әдебиеттер:
- «Өлеңдер» [Мәтін]:-Балаларға арналған. «Жазушы».-1968.-72б.
- «Кішкентай астраномдар» [Мәтін]:-Балаларға арналған. «Жалын» 1977.-50б.
- «Теміртестер» [Мәтін]:-Сықақтар менмысалдар; «Жазушы», 1979.-100б.
- «Біз шыдман баламыз» [Мәтін]:-Өлеңдер, жұмбақтар, Жаңылтпаштар, поэмалар.Алматы. «Өнер 21-ғасыр» қағамдық қоры, 2013.-382б.
- «Қандай болып өсемін» [Мәтін]:-Ертегілер, өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар.Алматы: «Балауса», 1994.-320бет.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1666-balalar-a-yny-s-ltan-alievty-tu-anyna-80-zhas-1-mamyr-1943-2018-el-a-asyny-mir-tkelderi-debi-vernisazh.html#sigProGalleriad5761b7258