8-20 қараша аралығында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқан аясында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты тақырыпта құқықтық кеңес отырысы ұйымдастырылды. Іс-шараға Тараз қаласы білім бөлімінің бас маманы Үкібасов Қайрат Исаұлы және Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің «Құқықтану» факультетінің 2-3 курс студенттері қатысты.
Кездесу барысында ақпараттық науқан аясында өткізіліп жатқан құқықтық кеңестің мақсаты мен міндеттері таныстырылды.
Аталмыш тақырыпта бейнероликтер ұсынылып, жасөспірімдердің сұрақтарына жауап берілді.
Қайрат Исаұлы әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет екенін айтты. Аталмыш тақырыпта бейнероликтер ұсынылып, жасөспірімдердің сұрақтарына жауап берілді.«Отан – отбасынан басталады» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1580-zorly-zombyly-syz-balaly-sha-y-ty-ke-es.html#sigProGalleria9e93c87148