1- қазан – Халықаралық қарттар күніне орай оқырмандардың бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт-дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу, қарттықты құрметтеу және үлгі тұту, қарт адамдардың сіңірген еңбектерін, мемлекеттің дамуына қосқан көптеген үлестерін мойындау мақсатында №2 Қарттар үйінде «Қарттарым – асыл қазынам» мерекелік кеш өткізілді.
Қазақстандық әрбір жаңа ұрпақ үлкендердің даналығын, тәжірибесі мен қадір-қасиеттерін үлгі тұтып, қарттардың проблемаларына қоғамның назарын аудару арқылы олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, қоғам өміріне қатысуын, қажетті күтіммен олардың ішкі әлеуеті мен абыройын қорғау үшін жағдайлар жасалуы керектігін ескертті. Кеш барысында қарттардың көңіл-күйлеріп көтеріп, ризашылықты білдіру үшін әндер шырқалып, бишілер өнер көрсетті.
Назарларына арнайы жасақталған «Қарттарым – асыл қазынам» кітап көрмесі ұсынылып, ата-әжелерге сыйға кітаптар таратылды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1557-arttarym-asyl-azynam-merekelik-kesh.html#sigProGalleria171e130a2e