Қазақ елінің біртуар азаматы Д.А. Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында кемеңгер тұлғаның мемлекетке және халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Е. Жүнісбай бастаған Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұжымы және зиялы қауым өкілдері Д.А. Қонаев ескерткішіне гүл қойып, кітапхана қабырғасында жамбыл облыстық тарихи өлкетану мұражайына қарасты Д.А. Қонаев орталығы мүшелерінің қатысуымен «Дінмұхаммед Қонаев: тарих пен тағылым» дөңгелек үстелі өтті.
Дөңгелек үстел барысында Д.А Қонаевтың саясат, білім, мәдениет саласындағы үлесі туралы «Д.А Қонаев және қазақ руханияты», «Д.А. Қонаев атындағы Халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесінің тыныс-тіршілігі», «Білім мен мәдениеттің қарымды қамқоршысы» тақырыптарында бейнероликтер, слайд презентациялар мен кеш қонақтары ақын Есет Досалы және Басықараев Дидар Қонаевқа арнап жырдан шашу төкті.
Дөңгелек үстел барысында Елдар Асқарұлы Қонаевтың атынан Д.А. Қонаевтың 110 жылдығына арналған «Мерей» орденімен жазушы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлы марапатталды. Іс-шараның тізгінін ұстаған, филология ғылымдарының кандидаты, М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті Мукашев Темірбай Рафаель Ниязбектің «Көсем» тарихи романына шолу жүргізді.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1532-d-a-onaev-eskertkishine-g-l-ojyu.html#sigProGalleria1938879ce3