Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ Отан болып тұр. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін, өнерін, өзіндік үлгі-өнегесін оқырмандардың бойына сіңіру мақсатында кітапханада «Ұлттар достығы – басты байлығымыз» фестивалі ұйымдастырылды.
Фестивальге «Аспара» мәнерлік өнер және бизнес колледжінің студенттерімен Жамбыл облыстық жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері қатысып, қазақ, қырғыз, орыс, түрік, татар, өзбек және корей ұлттарының мәдениеті мен өнерін көрсетті.
Қатысушылар «Сәлемдесу – сөз басы» таныстыру кезеңінде өз тілінде елі туралы айтып, мерекемен құттықтады. «Өнерлі өрге жүзер» кезеңінде би билеп, өлеңдерді мәнерлеп оқып, өз өнерлерін көрсеттті. «Зерделінің ойы озық» блиц-турнирде қатысушылар әр елдің туы мен астанасын тауып, достық, бірлік туралы мақал-мәтелдерді жалғастырды.«Дәм думан» кезеңінде ұлттық тағамдар таныстырылып, кең дастархан жайылды.
Фестиваль соңында барлық қатысушылар Алғыс хатпен марапатталып, естелікке Абайдың өлеңдер жинағы мен М.Әуезовтың «Абай жолы» төрт томдығын сыйға алды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1484-lttar-dosty-y-basty-bajly-ymyz-festival.html#sigProGalleria97c7e0f22a