Наурыз мейрамы - көне дәстүр сабақтастығының белгісі саналатын, ұлттық мәдениетіміздің қайта түлеген ерекше мерекесі.
Халық арасында бұл мереке ұлттық таным бойынша үйге жыл бойы молшылық пен сәттілік әкеледі деген сенім бар.
Осы мерекеге орай оқырмандармен «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: Бүкіл түркі халықтарының ұлық тойы – Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Мерекеге арналып жасалған кітап көрмесі Наурыз тойының табиғатын, шығу төркінін, мазмұны мен мәнін, халықтың мәдени-рухани өміріндегі орнын баяндап, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен қолөнері, ұлттық тағамы туралы насихаттады.
Халқымыздың ұлттық мерекесі Наурыздың шығу тарихы, жыл басы, жыл қайыру, жыл, ай аттары тәрізді ұлттық құндылықтар туралы әдебиеттер қойылды. Көрмеге «Наурызнама», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Жігіттің үш жұрты», «Наурыз», «Қазақ халқының дәстүрлері той-мереке, сауық-сайран», «Қазақтың ұлттық тағамдары», «Ағаш бесіктен, жер бесікке дейін», Қазақтың ұлттық тағамдары», т.б табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да жаңаруы туралы кітаптар оқырмандар назарына ұсынылды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1457-nauryz-mejramy-k-ne-d-st-r.html#sigProGalleriad81368f26e