Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз», - екенін атап өтіп, 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады.
⠀ Осы бағытта былтырғы жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен қолға алынған «Балалар әдебиеті жылы» биыл да жалғасын тауып отыр.
⠀ Баланы оқыту, білім беру, денсаулығын қадағалау, әлеуметтік жағдайын жасаумен қатар, өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін оның жан-жақты дамуы, қызығушылығын одан әрі жетілдіру өте маңызды.
⠀Бүгін «OrdaGen» атты балаларға арналған ертегілер жобасы аясында жарық көрген танымдық оқу құралдарының тұсаукесері өтті. Бұл жоба ұлттық, рухани, танымдық құндылықтарды баланың санасына ертегі арқылы жеткізіп, жас оқырманды ізгілік пен ізеттілікке, адамгершілікке баулиды.
⠀Бүгінге дейін аталмыш жоба аясында 1000-ға жуық заманауи ертегілер жазылып, әр ертегінің аудионұсқасы дайындалды. Ең көп оқылған, тыңдалған ертегілердің мультфильм нұсқасы түсіріліп, «OrdaGen» мобильді қосымшасы арқылы бүлдіршіндерге тегін пайдалануға берілген.
⠀Іс-шараға: Жамбыл облысы әкімінің орынбасары – Д. Кәрібек, облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы – Б. Жамангозов, «OrdaGen» жобасының жетекшісі – Т. Парасат, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі – А. Көпжасарова, сатирик-ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист – Б. Советұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл облыстық филиалының меңгерушісі – Х. Есаман, ақын, республикалық «7арна» телеарнасының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Д. Әлімқұлов; көпшілік және мектеп кітапханашылары қатысты.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1454-ordagen2022.html#sigProGalleria3b7b1acc5d