Қазақтың көрнекті ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ескен Елубаевтың туылғанына 80 жыл толуына орай ақынның өмірі мен шығармашылығын балаларға тереңірек оқыту, балаларға арналған сан алуан тақырыптағы танымдық-тәрбиелік туындылары арқылы балалардың қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру және көркем сөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру, рухани-адами тәрбие беру, ұлтжандылық қасиеттер қалыптастыру мақсатында «Балалар әдебиетінің бағбаны – Ескен Елубаев» әдеби турнир өткізілді.
-
Іс-шара барысында оқырмандарға ақынның өмірі, шығармашылығы жөнінде мағлұмат берілді.
Әдеби турнир:
- «Мен кітапхананың тұрақты оқырманымын» сайыскердің өзін – өзі таныстыруы;
- «Ескен Елубаев – балалар әдебиетінің көрнекті ақыны» Е.Елубаевтың өлеңін жатқа оқу немесе әңгімелерінен сахналық қойылым қою; 3.«Библиошар» Ескен Елубаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап беру кезеңдерінен құралды.
Қатысушы оқырмандар белсене қатысып, ақынның шығармашылығынан өлеңдер, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер оқып, өздерінің біліктіліктерін арттырды.
Іс-шара соңында қатысушылар алғыс хатпен марапатталып, «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1446-esken-elubaevty-tu-anyna-80-zhyl-balalar-debietini-ba-bany-esken-elubaev-debi-turnir.html#sigProGalleriaea3f3a41d7