Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды оқуға, кәсіпкерлікке тарту мақсатында «Менің кәсіби бастамам» жұмыссыз жастармен жұмысты жетілдіруге арналған кітапханалық бағдарлама аясында «Болашаққа бағдар» тренинг ұйымдастырылды. Тренингке психолог маман, Халықаралық Тараз инновациялық институтының жоғарғы курс білімгерлері, жас кәсіпкерлер қатысып, өз ойларын ортаға салды.
⠀ Тренинг барысында кәсіпкер Алия Аманбайқызы өз кәсібі туралы айтып, қолынан шыққан құрақ көрпе жасаудың қыр сырларын көрсетсе, психолог Ақмарал Аманбекқызы жастарға жұмысқа орналасуда, кездесетін түрлі кедергілерден мүдірмей өту жолдарын түсіндірді.
⠀ Сондай-ақ, Қордайлық жас кәсіпкер Күмісбеков Тимурдың кондитерлік цехты қалай ашқаны, шығарып жатқан тәттілері, соның ішінде қант диабеті ауыруына шалдыққан адамдарға арналған өнімдері туралы слайд көрсетілді.
⠀ Қатысушыларға «Екі қолға бір күрек» кітап көрмесі жасақталып, онда түрлі кәсіпке арналған психологиялық кітаптар, мерзімді басылым беттеріне шыққан материалдар қойылды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1441-bolasha-a-ba-dar-trening.html#sigProGalleria95974e4de3