Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Тұғыры берік мемлекеттік құрылым: Тәуелсіздік кезеңдері» ой талқы өткізді.
Тәуелсіздік жылнамасымен қатар, тарихи оқиғалар, тәуелсіз елдің әдебиеті үлгілерінен өлеңдер оқылды.
Тәуелсіздіктің мағынасы мен мәнін ұғыну – Отансүйгіштіктің алғашқы баспалдағы. Тәуелсіз Қазақстанның бел-белестері, бүгінгі жетістіктері және жарқын болашағы туралы деректер мен құнды кітаптар қойылған ой талқы барысында кітапхана қорының әдебиеттеріненжасақталған «Тарихтан тағлым - өткенге тағзым!» кітап көрмесіне шолу жасалды.
Көрменің негізгі идеясы - қазақ мемлекетінің сан ғасыр бойы қалыптасу тарихындағы уақыт пен ұрпақтар сабақтастығын көрсету.
Аталған көрмеде еліміздің кешегі мен бүгінгі жарқын келбеті салыстырмалы түрде көркем фотосуреттермен берілген.
Кітап көрмесіне:Н.Назарбаев «Тәуелсіздік белестері», Н.Ә.Назарбаев «Бейбітшілік кіндігі», «Тәуелсіздік шежіресі», «Егемен Қазақстан тарихы: Тәуелсіздікке 20 жыл», Н.Назарбаев «Тәуелсіздік дәуірі», Менің Отаным-Тәуелсіз Қазақстан[Мәтін]/Алматы: Балауса,2009–184бет., Тәуелсіздікке талпыныс[Мәтін]/публицистикалық мақалалар/Көлбай Адырбек.– Алматы:Айғаным, 2016. – 380 бет., Тәуелсіздік. Демократия.Гуманизм[Мәтін]/2-ая книга.– Алматы:Қазақ энциклопедиясы, 2011.–392 с.т.б. кітаптары қойылды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1424-16-zhelto-san-r-t-uelsizdik-k-ni-t-yry-berik-memlekettik-rylym-t-uelsizdik-keze-deri-oj-tal-y.html#sigProGalleriaeb426e08b8