Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 76 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1204589
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
361
247
608
8515
361
1180677
1204589
Ваш IP: 3.144.226.114
Время на сервере: 01-04-2025 20:15:00

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жергілікті жас ақындарды кейінгі ұрпаққа насихаттай отырып, олардың өмір жолын, еңбегі мен шығармашылығын халыққа кеңінен таныстыру, Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениет пен мәдениет биігінде алар орнын жырға қосу, Ұлттың ұлы мұраты – Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің, сондай-ақ рухани құндылықтарды жаңғыртудың маңыздылығын көпшіліктің, жас ұрпақтың санасына сіңіру арқылы оларды Отансүйгіштікке, елжандылыққа бағыттау, шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсете отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, өлең құдыреті арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеру және жас буынды ұлттық мәдени құндылықтар рухы мен ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Тәуелсіздік деп жырлайды жүрегім» жас ақындар мүшәйрасы өткізілді.

Жас ақындарымыздың жырларын әділ бағалауға Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі, ақын, жазушы Демешев Құрмаңғазы және жас ақын, тілші Әбдір Шапағат төрелік етті.

Жыр мүшәйрасы үш кезеңнен өтті: 1 – кезең. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда» (өзін - өзі таныстыру) 2-кезең. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» (ұяшық таңдау, экранда берілген сөзге 3 минут ішінде бір шумақ өлең шығару) 3-кезең.«Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім!» (шешендік өнерлерін қара сөзбен айтып көрсету) және Қазақстанымыздың нығайып, әрқашанда берік болуы үшін не істеуіміз керек? - деген сұраққа өз ойларын білдірді.

⠀ Мүшәйраның қорытындысы бойынша әділ қазылардың шешімімен «Үздік ақын» номинациясын Алдаберген Ерсултан, «Өнерлі ақын» номинациясын Жиенғали Исламали, ал «Белсенді ақын» номинациясын Абдуалиева Айман иеленді. Оларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталып, қалған қатысушылар Тұрғынбекқызы Жания мен Айтбай Аяжанға белсенділіктері үшін ынталандыру сыйлықтары берілді.

Іс-шара соңында «Тәуелсіздік тұғыры – ұлы дала арманы» көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, слайд көрсетілді.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1422-t-uelsizdik-dep-zhyrlajdy-zh-regim-zhas-a-yndar-m-sh-jrasy.html#sigProGalleria847873b371
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz