Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру, Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру, Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу мақсатында №32орта мектеппен бірлесіп, 1 Желтоқсан Тұнғыш Президент күніне орай «Дәуір адамы» мәдени сторителлинг өтті.
⠀ Нұрсұлтан Назарбаев – қазақ халқы үшін Қазақстанның тәуелсіз мемлекетін құрудың басында тұрған, осы жолдағы не қилы тар жол, тайғақ кешуден халқымен бірге өтіп, қиыншылықтарын бөліскен, содан аман алып шығып, әлем мойындаған жаңа мемлекетті қалыптастырған, жаңа астана тұрғызған, елді индустрияландырудың жаңа жобасын өмірге келтіріп, болашаққа бағыттап келе жатқан ұлы тұлға.
⠀ Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген. 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. Президентке «Елбасы» құрметті атағы 14 желтоқсан күні Парламенттің ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиында берілді.
⠀2012 жылдан бастап 1 желтоқсан күні жаңа мереке Тұңғыш Президент күні мейрамы болып белгіленді. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.
⠀ Көрмеге Елбасының өмір жолы мен қызметі жайында мәлімет беретін әдебиеттер, мерзімді басылымдар, суреттер, фотоальбомдар қойылды. Кітапхана оқырмандары көрмеге қойылған кітаптармен танысып зор мүмкіндік алды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1415-d-uir-adamy-m-deni-storitelling.html#sigProGalleria4ba19d048c