Сайтта кім бар

Қазір 17 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1559114
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
1724
2293
4949
12310
12511
1519181
1559114
Ваш IP: 216.73.217.174
Время на сервере: 07-10-2026 20:13:22

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

1 қазан – Қарттар күніне орай халықтың рухани байлығын дамытып, жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, халқының салт-дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында «Қариялы ел – қазыналы ел» мерекелік кеш ұйымдастырылды.

⠀

Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адам­дарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсе­тілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді.

⠀

Кеш қонағы Салықова Нұрсифат Рақымбайқызы – «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты», «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» атағының, «Еңбек ардагері» медалінің иегері, актриса, жастарға мейірімділік туралы монолог оқыды.

⠀

Өнер иесі Жаңабаева Күлімбала Шәмшіге арнап өлең орындады.

⠀

Сондай-ақ көпті көрген дана-гөй қарттар Какибаев Қалтай, Жолмағанбетов Жамбырбай, Сексенбаев Амангелді, Сексенбаева Зура өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, өз өмірбаяндары жайында сұхбат берді.

⠀

Кітапханамыздың тұрақты оқырмандары мерекелік кеште ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Асыл қазыналарымыз жас ұрпаққа ақ баталарын берді.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1391-1-azan-arttar-k-ni.html#sigProGalleriaff457113d3
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде: