Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 37 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1222054
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
170
460
1808
4582
17826
1180677
1222054
Ваш IP: 18.221.100.57
Время на сервере: 24-04-2025 09:20:16

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ Сессиясындағы интеркультурализм қағидатын ілгерілету аясында «Абай оқулары» дауыстап оқуы ұйымдастырылды.

Кездесудің мақсаты - қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, дана ақын Абай Құнанбайұлының ақындық талантын жастар жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, рухани танымын кеңейту, оқу дағдысын жетілдіруге бағытталған.

Кездесу барысында өзге ұлттар арасында өткен «Абай оқулары» облыстық байқауының жеңімпазы Устинова Марина ақынның «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?..» өлеңі мен «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әндерін орындады. Тараз техника және бизнес колледжінің студенттері Кошкина Дарья мен Тұрарбек Ұлжалғас ұлы ақынның өлеңдерін оқып, мемлекеттік тілге, қазақтың әдебиеті мен бай мәдениетіне деген зор ықыласын танытты.

Абайдың мұрасы – қазақтың ең асыл қазынасы болғандықтан Абайдың шығармаларын оқып, келешек ұрпақтың санасында сіңіру басты міндетіміз. Кеш қонақтарына ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, «Абайды оқы, танырқа!» кітап көрмесіне шолу жасалды.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1387-abaj-o-ulary-dauystap-o-u.html#sigProGalleria1a5d72929e
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz