Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жассөспірімдер кітапханасы «Жылжымалы кітапхана» жобасы аясында Жамбыл Жабайұлының туғанына 175 жыл толуына орай, «Жамбыл – мәңгі жаңғырық!» кітап көрмесін Жамбыл облысы Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында ұйымдастырды.
⠀Мекеме қызметкерлерін ұлы ақын, қазақтың ауызша поэтикалық өнерінің шебері Жамбыл Жабаевтың кітап көрмесімен, ақының өмірі мен шығармашылығы, Отанға деген сүйіспеншілікке толы шығармалары туралы материалдармен толықтай таныстырылды..
⠀ Көрмеге абыз жыраудың сирек және құнды кітаптары топтастырылып, шығармашылығы мен өміріне негізделген еңбектер қойылды. Көрменің басты қазынасына айналған әдебиеттер, Жамбылдың 1982 жылы "Жазушы" баспасынан жарық көрген "Ұлы Заң" өлеңдер жинағы.
Шығарманың 14 тілге аударылғанының өзі-ақ халық арасында қаншалық танымал болғанын сөзсіз жеткізеді. Қай тілде жазылмасын, әдебиет әлемі халықаралық тілде сөйлейді. Сондықтан, жауһар әдебиет әлем назарына ілікті.
Мырзатай Жолдасбековтың «Жамбыл Жабаев – Ұлы дала ақыны» кітабында кеңес кезеңіндегі ауыз әдебиеті мен ақын-жыраулардың сирек кездесетін еңбектері қаламға алынған. Сонымен қатар әрбір тақырып тарихи суреттерімен бейнеленген.
Көрмеде Н.Төреқұлов «Жүз жасаған бәйтерек», «Ел қадірін біл, балам», С.Садырбай «Фольклор және Жамбыл» т.б. көптеген кітаптары көрмеден орын алды.
"Жамбыл-мәңгі жаңғырық" кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерді біздің кітапханадан таба аласыздар! Жүз жасаған абыз ақынның мұрасына көзайым болуға асығыңыздар!
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1371-zhambyl-m-gi-zha-yry-kitap-k-rmesi.html#sigProGalleria28e0592157