6 шілде - Елорда күніне орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағында «Нұр-Сұлтан – ел тірегі, ел намысы» кітап көрмесі ұсынылды.
⠀Көрменің мақсаты: оқырмандарға еліміздің бас қаласы – Нұр-Султан туралы мәлімет беру.
⠀ Елорда туралы деректермен білімін, оқырмандардың ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту. Қазақстан Республикасының орталығы Нұр-Султан қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.
⠀ Өң бойына халықтың күші мен қайратын жинап, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналған «Еңселі Елорда, асқақтаған Нұр-Султан». Жаңа қала Ару Нұр-Султанның көрікті, көздің жауын алар, жаңа үлгідегі биік-биік ғимараттары қалаға ерекше сән береді. Жер бетіндегі Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан Нұр-Султан – Еуразия мен Азияны жалғастырушы алтын көпір, қақпаның кілті болса, күллі қазақ халқының – жүрегі.
⠀Бүгін біз осындай қасиетті сөздерді құрметпен, аса мақтанышпен айта аламыз. Көрмеге еліміздің бас қаласының тарихы, қазіргі келбеті, жетістіктері, даму бағыттары, ескертікіштері мен сәулет ғимараттары туралы мәлімет беретін мерзімді басылымдар мен суреттер таныстырылып шолу жасалды. Сонымен қатар, «Ел жүрегі – Астана», «Астана – жерұйығы елімнің», «Астана: Фотоальбом», «Менің елім Қазақстан», «Менің Отаным – Тәуелсіз қазақстан», «Жан жүрегім - Астана», «Астана. Летопись 20-летия» әдебиеттер қойылып, көрермендер назарына ұсынылды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1368-n-r-s-ltan-el-tiregi-el-namysy-kitap-k-rmesi.html#sigProGalleria17249616ba