Биыл көне шаһар тұрғындарының көзі, құлағы һәм тілі бола білген қалалық «Jambyl-Taraz» газетінің жарық көре бастағынан 25 жыл. Ширек ғасыр шеңберінде аталмыш басылым облыс орталығының бас жылнамасына айнала білді. «Газет оқу – зиялылықтың белгісі» атты газет тілшілерімен кездесу кеші өткізілді.
⠀Кездесу кешке «Жамбыл-Тараз» газетінің бас редакторының орынбасары Бекнұр Сатыбалдиев, «Jambyl-Taraz» газетінің тілшісі Ефимов Юрий Рефатович, «Jambyl-Taraz» газетінің тілшісі Сәндібек Піренов қатысты.
Шаһардың бас үнпарағы – облыстың ақпарат айдынында өзіндік орны, қайталанбас қолтаңбасы бар.
⠀ Кешке келген қонақтар газет тарихымен таныстыра отырып оқырмандардың қойған сауалдарына жауап берді. Газет ұжымы туралы бейнеролик жасалып, алғаш шыққан газеттер көрмеге қойылды. Кеш соңы кітапхана қызметкерінің орындауыдағы әсем әуенмен аяқталды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1359-zhambyl-taraz-alaly-o-amdy-sayasi-gazetine-25-zhyl-gazet-o-u-ziyalyly-ty-belgisi-gazet-tilshilerimen-kezdesu.html#sigProGalleria68ccc740d9