Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 55 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1144621
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
333
180
7411
2856
14706
1119190
1144621
Ваш IP: 18.226.104.30
Время на сервере: 25-11-2024 19:37:26

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында,Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай «Парыз» қоғам бірлестігінің жетекшісі Әлі Бекқұлы Әліұлымен «Ерлікке тағзым» атты кездесу өтті. Б.Әліұлының бірлестік құрудағы мақсаты ҰОС қаза тапқан Жамбылдық жауынгерлерді деректеп, есімдерін ескерткішке жазғызу, хабарын ұрпақтарына табыстау.

⠀ Б.Әліұлы деректердің нәтижесі бойынша «1981-2011ж Брест қамалын қорғаған Жамбылдықтарды іздестіріп,128 жауынгер тізімін, қамал мұражайына өткізіп, 2014-2020ж Ресейдің 14 облысында, Белорустың 6 облысында 750 жауынгердің есімдерін ескерткіштеріне жазылуына қол жеткізді. 300 жауынгердің есімдерін ескерткіштеріне бұрыннан жазылғанын анықтадық.

Б.Әліұлы 40жылдан бері деректермен айналысып жатыр. Осы аралықта -1178 Жамбылдық жауынгерлер тағдырын деректеп, архив құжаттарын жинақтады. «Парыз» атты кітап жазып, хабарсыз кеткен жауынгерлерді деректеп, қаза тапқан жерін көрсеткенін айтты.ҰОС тарихи шайқастары, Мәскеу, Ленинград, Новгород, Сталинград, Курск, Смоленск, Орел, Брянск, Тверь, Псков, Воронеж, Белорусиядағы ұрыстар барысының маңызы баяндалды.

    Б.Әліұлының марапаттары:
  1. *КСРО оқу ағарту министрлігінің,
  2. *Қазақ ССР Оқу Ағарту министрлігінің,
  3. * ҚР Білім беру ісінің үздігі төс белгісі,
  4. *ҚР Аманат сыйлығының иегері,
  5. *«Даңқ» галереясының Батыры орденімен,
  6. * Белорусияның Азат етілуінің 70 жылдығы медалімен,
  7. *Облыс әкімінің құрмет грамотасымен,
  8. * Облысқа сіңірген еңбегі үшін төсбелгімен,
  9. *Ауданның құрметті азаматы,
  10. *Облыстың «Мерейлі отбасы» байқауының бас жүлдесімен,
  11. *Облыстық Ардагерлер ұйымының құрмет грамотасымен марапатталған.

Алдағы мақсаты- жауынгер Ыбрайым Сулейменовтың басына құлпытасын қайтып қойсақ дейміз және батырлыққа ұсынып жатырмыз. Әлемге жайылған індет басылса, жұмысты қайта жалғастыратынын басты назарға алды.

Құрметті оқырмандар! Жамбыл облысынан ҰОС қатысып, оралмаған, қаза тапқан, хабарсыз кеткен ата, әкелерің туралы мәлімет керек болса 87755394045 ұялы телефонға және This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.. хабарлассаңыз болады.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1352-erlikke-ta-zym-atty-kezdesu.html#sigProGalleria0ab147f232
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz