Д.А. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Туған жер" арнайы жобасы аясында «Жасырғам жоқ ештеңе өлеңімнен» атты Шырын Мамасерікованың 75 жас мерей тойына арналған кездесу кеші өтті.
Жамбыл облысының мақтанышы бірнеше облыстық, республикалық ақындар айтысына қатысып, жүлдегер атанған, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі» белгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Жыл құстары», «Гәкку», «Назерке», «Нәзік нақыш», «Асылдың сынықтары», «Арман гүлі» атты кітаптарының авторы ақын Шырын Мамасерікованың 75 жас толуына орай оқырмандарға ақын өмірі мен шығармашылығы, ақынның туған жерге деген сүйіспеншілігін жеткізу, поэзияны мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру мақсатында кездесу кеші өткізілді.
Іс- шара барысында Шырын Мамасерікова өзінің туып өскен жері, алғаш жазған туындылары жайлы айтты. Оқырмандарымыз ардақты ақынның өлеңдерінен үзінді оқып, әсем әуендерін арнады.
Іс-шара соңында «Поэзия аққуы» кітап көрмесі таныстырылып, Шырын Мамасерікова аяулы ана ретінде өскелең ұрпаққа ізгі тілегін білдірді.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1303-zhasyr-am-zho-eshte-e-le-imnen-atty-shyryn-mamaserikovany-75-zhas.html#sigProGalleria1f53e94d11