балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

Сайтта кім бар

Қазір 306 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1143063
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
2907
2037
5853
2856
13148
1119190
1143063
Ваш IP: 3.135.209.107
Время на сервере: 21-11-2024 15:56:04

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Балаларға қазақ халқының ұлттық мәдениетін, өнерін, ән-жырын  бойларына сіңіріп, өз ұлтының өнерін қадірлеп, қастерлеп бағалай білуге насихаттау және ой өрісін дамытып, өнерге, білімділікке баулу мақсатында Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Өнер –алтын қазына» атты кездесу кеші 29.04.2013 ж. өтті.  

Кешіміздің қонағы  «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты,  Қазақстан Республикасының еңбек  сіңірген  қайраткері, филология ғылымының кандидаты, Жамбыл облысы Сарысу ауданының «Құрметті азаматшасы» - Сәуле Жанпейісова.

Қазақ халқының ұлтттық дәстүрлі әндерін насихаттаушы Сәуле Жанпейісова - Жамбыл облысысының Сарысу ауданындағы Маятас ауылында 1966 жылы туды. Ол алғаш рет сахнаға 2-сыныпта оқып жүрген кезінде «әнші қыз» атанды. 1965 жылы Республикалық эстрада-цирк өнері студиясында Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиев-тің батыс ән дәстүрі бойынша класы ашылды. Сәтіне орай Сарысудан Алматыға өнерге бейім жастарды таңдап алады. Сол өнерпаздардың ішіне Сәуле де ілінді. 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдайды. Консерваториядағы оқу жылдарын 1997 жылы аяқтаған соң, Сәуле «Қазақконцерт» бірлестігінде кәсіби әншілікті бастады. Париждің «ЮНЕСКО» залында концерт атқарылғанда Сәуле оған қатысты. Оны француздар өте жақсы қабылдады. Атыраудағы музыка Академиясының директоры, Құрманғазы атындағы консерваторияның ән кафедрасын басқарды. Қазіргі таңда  Жамбыл облыстық филормониясының директоры қызметін атқаруда.

 Кеш қонағы  ұлттық дәстүрлі әндерді насихатаушы, әнші  Сәуле Жанпейісованы балалар шаттықпен қарсы алып, арнайы дайындаған өз өнерлерін ортаға салды. Жүргізуші кітапханашы З.Сабралиева әнші апайдың өнер мен өмір жолына қысқаша тоқталды. Ал кітапханадағы «Жас таланттар» драмалық үйірме мүшелері С. Жанпейісованың балалық шағынан «Әнші болғым келеді», «Балалар музыка мектебінде» сияқты  болған қызықты оқиғаларынан көріністер көрсетті.  Жез таңдай әншіміз жас оқырмандармен сыр-сұхбат жүргізді. Оларға арнап репертуарынан әсем әндері мен күйлерін тарту етті. Қорыта айтқанда, халқымыздың асыл өнер қазынасы жастарға керемет рух берді.

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz