Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 30 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1144783
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
87
408
495
7078
14868
1119190
1144783
Ваш IP: 3.12.34.192
Время на сервере: 26-11-2024 06:52:47

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Ауғанстан – жүректегі жара» ардагерлермен кездесу кеші

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 30 жыл толуына орай оқырмандарды өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында «Ауғанстан – жүректегі жара» ардагерлермен кездесу кеші өтті. Іс-шараға ауған соғысының ардагерлері Тұрлыбеков Тілеуберген Өксікбайұлы, Сұлтанқұлов Талғат Пірәліұлы және №60 орта мектептің оқушылары мен ұстаздары, кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Алдымен Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған, еркіндік пен бейбітшілікті аңсаған азаматтарға бір минут үнсіздік жарияланды. 

 

Ауғанстан соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. Қаншама қазақ отбасына қасірет әкелген соғыс жайында біраз ақпараттар айтылды. Іс-шараға қатысушы ардагерлер соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, жастық шақтарындағы тәрбиелік мәні зөр, өнегелік әңгімелерін айтып жастарды жігерлендірді. Оқырмандар өз кезегінде майдангер ардагерлерге сұрақтар қойып, жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ «ерлік, батырлық, жауынгерлік» тақырыптарында өлеңдер оқылып, «Тәуелсіз Қазақстан!», «Мен қазақтың қызымын», «Сендей әке жоқ, жоқ» әндері шырқалды. Кітапхана қорындағы ауған соғысына қатысты кітаптар мен мерзімді басылымдардан «Отты жылдар жалыны» кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Кітап көрмесіне: Смағұл Б. Қолбасшы күнделігі, Дневник полководца. [Мәтін] / Б. Смағұл.-Алматы: Хантәңірі, 2016.-456 б., Жантасов А. Жартасты жастанған жасақ [Мәтін] /А.Жантасов. – Алматы: Хантәңірі,  2018 – 624 б., Абдраманов С. Қашаған құрықтаған Қазақстан [Мәтін] / С.Абдраманов. – Астана: Елорда, 2010 – 436 б., Рокоссовский К.К. Солдат парызы [Мәтін]: Әскери мемуарлар / К.К.Рокоссовский.- Алматы: Жалын, 1983. – 360 б. т.б. кітаптар қойылды.

Оқырмандарды тарихи танымын кеңейтетін «Тарихта қалған таңбалы күн» слайд-презентация көрсетілді.

Отан үшін жанын қиған ержүрек батырларымызды мәңгі есте сақтап құрметтеу, кейінгі ұрпаққа ерліктерін дәріптеп, насихаттау әрбір азаматтың қасиетті борышы. Яғни, бұл іс-шара ұлтының ұлылығын танытатын азаматтарды тәрбиелеп, оқырмандаға рухани азық бола білді деген сенімдеміз.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1229-au-anstan-zh-rektegi-zhara-ardagerlermen-kezdesu-keshi.html#sigProGalleria1a05d85bc3
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz