Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 37 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1144783
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
87
408
495
7078
14868
1119190
1144783
Ваш IP: 13.59.73.248
Время на сервере: 26-11-2024 06:45:05

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Жастар жылы– жасампаздық бастауы»

(Дөңгелек үстел)

 

Президент 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Бұл жас қазақстандықтарға жаңа мүмкіндіктер ашады.  Бүкіл еліміз бойынша мемлекеттік қолдау шаралары қабылданып, бірыңғай іс-шаралар жоспары әзірленетін болады.

 

"Жастар жылы– жасампаздық бастауы"атты дөңгелек үстел басында Қазақстандағы жастар саясатының қазіргі жағдайы туралы еңбек ардагерлері мен қаламыздың жастары әңгіме өрбітті. Жастар жылы жастар саясатының дамуына жаңа серпін береді дейді мамандар.

Іс-шараға Тараз  қаласының ардагерлер  кеңесінің  төрағасының  орынбасары  К.Ә.Әбдікешова, Тараз  қаласының арадагерлер  кеңесінің  жастар  ісі  жөніндегі  тұрақты  комиссиясының  төрағасы  Жаналиев  Мақұлбек, орынбасары Мақашев Алдаберді және  ардагерлер кеңесінің мүшелері  Жартыбаев  Сәмен, Шалданбаев  Самбеталы сонымен қатар ТарМУ-дың  жастар  жетекшісі  Ұлтанбаев  Арнат қатысты.

Іс-шара барысында Тараз  қаласының арадагерлер  кеңесінің  жастар  ісі  жөніндегі  тұрақты  комиссиясының  төрағасы  Жаналиев  Мақұлбек қоғамдық даму министрлігінде алдағы 3 жылда Қазақстан бойынша 75 мың орындық жатақхана салатынын, осылайша студенттер үшін тұрғын үй мәселесі толығымен шешілетіні жайында айтты. Айта кету керек, Қазақстанда барлығы 4 миллион жас өмір сүреді.

Тараз қаласының ардагерлер  кеңесінің  төрағасының  орынбасары  К.Ә.Әбдікешова өз сөзінде: Қазақстан Президенті 2018 жылдың қараша айының соңында VIII Азаматтық форумда жастар саясатын жүзеге асыруда үкіметтік емес сектордың рөлін күшейтуге шақырды. "Бұл әсіресе маңызды, өйткені мен 2019 жылды Жастар жылы деп жарияладым. Барлығы былай деп ойлайды: қазір жастардың жылы, сондықтан барлық игіліктер жастарға көптеп таратылады. Мәселе бұда емес. Жастардың мемлекетіміздің барлық істеріне, менің барлық бастамаларыма, барлық бағдарламаларға қатысуы". Яғни, сіздер бізге "қарияларға", келе жатқан жылдан бастап тек жақсы істер күтетінімізді түсініңіздер – жастар бастамашылығымен өтетін көптеген қызықты, ерекше және қоғам үшін пайдалы жобалар. Олар жас, шын мәнінде, біздің болашағымыз. Біз олардың өмірде бізге қарағанда әлде қайда ақылды және бақытты, жұмыста  іскер, тұрмыста қарапайым, жеке қарым-қатынаста адамгершілік, жұмысты тиімді және табысты әрі қайырымды болады деп үміттенеміз.

Біздің міндетіміз - жолдан сәл былайырақ болып, оларға белгіленген мақсаттарға жетуде кедергі жасамау. Бір жерде көмектесу, қолдау,мүмкіндік беру, тәжіриебе алмасу. Менің әкем: "ата – аналардың қасиетті борышы-балаларды зейнетақыға жеткізу", - деді.

ТарМУ-дың  жастар  жетекшісі  Ұлтанбаев  Арнат  жастарды әлеуметтік желілерге уақыт жұмсамай, өз жастығын толық, бірақ ақылға қонымды түрде пайдалануға шақырды. "Көптеген жастар нені армандайды? Жоғары оқу орнын бітіремін, жұмысқа орналасамын, менің жеке ісім, үйім, отбасым, балаларым болады, – деді ол – бұл дұрыс, өйткені бұл қарапайым адами мақсаттар. Бірақ оларға жету үшін не қажет? Жұмыс істеу және жұмысты мүмкіндігінше ертерек бастау қажет. Мен жастарды  Instagram – да отырып, комментарии жазып отырғанша - жұмыс істеңіздер деп айтқым келеді". 

Жастарға аға ұрпақ өкілдері кеңес берді: "Жұмыс пен тапқан ақшадан ұялуға болмайды. Жұмыс көп – істемін дегенге. Жұмыстан ұялудың қажеті жоқ. Керісінше, істеп отырған жұмысымен мақтану керек», - деді.

Іс-шара барысында «Ел тірегі - жастар» атты кітап көрмесі шолу жасалды, көрмеге қойылып, пайдаланған  әдебиеттер  тізімі:

Гафоров А. Еліне елеулі Елбасы [Мәтін] / А. Гафоров – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.- 274 б., Менің елім – Қазақстан [Мәтін].- Алматы: Балауса, 2003.-160 б., Байкенов Ш. Мен – Қазақстан азаматымын [Мәтін] / Ш.Байкенов – Алматы: Балалар әдебиеті, 2011.-112 б., ХХІ ғасыр – Қазақстанның жұлдызды ғасыры [Мәтін]. – Астана: Деловой мир, 2010.- 336 б., Менің отаным Тәуелсіз Қазақстан [Мәтін].- Алматы: Балауса, 2012.-96 б., Нұрханов Т. Жолдау жүктеген міндеттер ауқымды [Мәтін] / Т.Нұрханов // Арай.-2018.-25 қазан (№43).-2 б., Нұрханов Т. Жастар мәселесі жай ғана айтылып қалмауы керек [Мәтін] / Т.Нұрханов // Арай.-2018.-20 желтоқсан (№51).-5 б.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1224-zhastar-zhyly-zhasampazdy-bastauy-d-gelek-stel.html#sigProGalleria93abdc2b38
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz