Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1384329
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
255
465
1534
1947
9784
1366262
1384329
Ваш IP: 216.73.216.130
Время на сервере: 22-01-2026 11:24:36

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Мамандық таңдау – маңызды шешім»

дөңгелек үстел

 

Кітапханада «2019 жыл – Жастар жылына» арналған «Мамандық таңдау – маңызды шешім» дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кездесудің басты мақсаты – болашақта қандай мамандыққа сұраныс болатындығын айқындай отырып, оқушылардың кәсіби мамандықтарын дұрыс таңдап, қоғамда өз орындарын таба білуге жол ашу.

 

Іс-шараның қонағы, «125» білім беру орталығының білікті маманы Рахметов Қайрат Байғаниұлы, өзінің тəжірибесімен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңесін берді. Жас түлектер сұраныстағы мамандықтармен танысып, күрделі таңдау туралы толғандыратын жеке сұрақтар қойып, пікірлесті. Өз жанына жақын мамандық табу өзінің сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік беретінін ұқты.

Кездесу соңында «Ел тірегі –  жастар» кітап көрмесіне шолу жасалды. Дөңгелек үстел қатысушылардың қызығушылығын оятып, көп көмек тигізетіні қуантты.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1220-mamandy-ta-dau-ma-yzdy-sheshim-d-gelek-stel.html#sigProGalleria6598a600c0
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz