Ашық есік күні
30 қараша «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім беру орталықтары» бастамашыл жобасын жүзеге асыру және кітапхананың жаңа моделін енгізу аясында кітапханада жастарға арналған "Білім беру орталығы" ашылды. Орталықтың басты мақсаты барлық санаттағы жастардың ақпараттық қажеттіліктерін жедел қанаттандыру үшін кітапханалар жүйесін жаңғырту, заманауи құрылғылармен жабдықтап, цифрлы жобалар енгізу болып табылады.
Ашылып отырған бұл орталық фриланс режимінде оқырмандардың бизнес, шығармашылық, оқу бағдарламалары аясындағы креативті жобаларын (қызығушылығы бойынша клубтар, көрмелер, үйірмелер, шеберлік-сыныптар, тренингтер, ағылшын тіліндегі клубтар) жарыққа шығарып, жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Осыған орай Білім орталығыныңда «Елін сүйген Елбасы» атты дөңгелек үстел, мектеп оқушыларына «Ментальды арифметика» сабағы және жас суретшілерге «Жемқорлыққа қарсы күрес жастар көзімен!» тақырыбында сайыс, сонымен қатар «Аналар бәрін үлгереді» жас аналардың дәрігермен кездесуі өтті.
Замануи орталық келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік береді. Біздің кітапханада жұмыс істеу үшін барлық жағдайлар жасалған: ыңғайлы креслолар, үстелдер, жұмыс орындарының ауқымды саны, бірлескен және жеке жұмыстарға арналған алаңдар, жедел интернет, принтерлер мен сканерлер. Енді орталықта шеберлік-сыныптар, дәрістер, семинарлар мен түрлі шаралар өтетін болады. Жастар бос уақыттарында үстелдік ойындар ойнап, соңғы жаңалықтарды талқылап, пікір алмасып білімдерін жетілдіре алады.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1208-ashy-esik-k-ni.html#sigProGalleria2686a1fd05