«Тәуелсіздік дәуірі»
оқырмандар конференциясы
Оқырмандарға Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын насихаттау мақсатында 2018 жылдың 21 қыркүйек күні «Тәуелсіздік дәуірі» атты оқырмандар конференциясы өткізілді.
Тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған Елбасының бұл еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Кітап еліміздің жаңа тарихын тұтас қамтыған, мазмұны аса бай 4 бөлімнен тұрады. Олар: «Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы (1991-1995 жылдар)», «Ұлы бетбұрыс. Қазақстанның екінші жаңғыруының басталуы (1996-1999 жылдар)», «Қияға құлаш сермеу. Қазақстанның екінші жаңғыруы (2000-2010 жылдар)», «Қалыптасқан мемлекет. Қазақстанның үшінші жаңғыруы (2010 жылдар)» деп аталады. Сондай-ақ, тарихи туындыда егемендік алған 26 жылдағы 33 нәтиже жазылған. Олардың ерекшелерін атап өтетін болсақ, Тәуелсіз Қазақстанды әлем мойындады. Қазақстан ядролық сынақ алаңын жапқан бірінші ел болды. Бас шаһар «Астана» қаласы бой көтерді. Елдің экономикасы артты. Қазақстан бірнеше ірі халықаралық ұйымдардың мүшесі болып қана қоймай, төрағалық ету құрметіне ие болды. «Рухани жаңғыру» үдерісіне жол ашылды. Ең елеулі де ерекше шара «ЭКСПО» халықаралық көрмесінің елдің мәртебесін арттырып, мерейін өсірді.
Іс-шараға қатысқан оқырмандар әр бөлімнен түйген ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1197-t-uelsizdik-d-uiri-o-yrmandar-konferentsiyasy.html#sigProGalleriacedd083d2d