«Дін және жастар»
дөңгелек стол
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Біз тегімізде – түрік, дініміз - ислам екенін ұмытпауымыз керек», - деп дінімізді берік сақтауымыз қажет екендігіне айрықша назар аударған. Осы орайда діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу, терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан-жақты талдап, жастарға ой салу мақсатында «Дін және жастар» атты дөңгелек стол ұйымдастырылды. Іс-шараға «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстазы Ембергенов Амангелді Назербайұлы және Жамбыл облысы әкімдігі, «Дін проблемаларын зерттеу» орталығының ақпараттық түсіндіру және талдау бөлімінің инспекторы Алпысбаев Бақтияр Қаржаубайұлы, Жамбыл медициналық колледжінің білімгерлері мен ұстаздары қатысты.
Шарада сөз алған «Һибатулла Тарази» мешітінің медресесінің ұстазы Ембергенов Амангелді Назербайұлы жастарға жат ағымдардың түрлі сипаттары туралы діни сауаттылықты арттыру керектігін әңгімеледі.
Сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігі, «Дін проблемаларын зерттеу» орталығының ақпараттық түсіндіру және талдау бөлім инспекторы Алпысбаев Бақтияр Қаржаубайұлына білімгерлер сұрақтарын қойып, қызу пікірлер айтылды. «Дін тәрбие бастауы» кітап көрмесі жасақталып библиографиялық шолу жасалды, слайд көрсетілді. Көрмеге 25 кітап, мерзімді басылым беттеріне шыққан мақалалар қойылып, 12 оқырман жаңадан тіркелді.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1189-din-zh-ne-zhastar-d-gelek-stol.html#sigProGalleriac778379d8a