«100 кітап» жобасы
«Әлем әдебиетінің жауһарлары»
кітап карнавлы ІІ кезең
Д.А. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен«Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Рухани қазына» кіші бағдарламасы жобалар мен іс-шаралар реестірінде бекітілген «100 кітап» жобасы аясында жастарды кітап оқуға тарту, оқырмандардың мәдени және рухани білімін көтеру ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Әлем әдебиетінің жауһарлары» кітап карнавалы өтті. Кітап карнавалының қонақтарыҚазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Үміт Қыранқызы Битенова, журналист Ғайни Әлімбекова, ақын Бақытжан Әлімқұлов, қатысып, рухани жаңғыру жолында жастардың атқарар міндеттерінің орны орасан зор екенін, ол үшін жастар білімді болу керектігін, кітапхана – рухани ордасы екенін ерекше атап өтіп, жастарды оқуға шақырды.
Шара кітапхананың алдынан басталды. Ертегі кейіпкелерінің киімдерін киген оқырмандар, қызметкерлер, спикерлер күймемен шеру жасап Т.Рысқұлов саябағына карай карнавал әнімен бет алды. Саябақтатың амфитеатры шар, гүлдермен безендендіріліп, ашық абонемент бүлдіршіндерге кітаптарын ұсынды. Сарысу ауданы балалар кітапханасыкітаптан инсталяция жасады.
100 кітапқа енген шығармалар желісі бойынша киініп, М.Жұмабаевты, С.Торайғырыров, Қ.Жұмаділов, А.Құнанбаевтың жастарды оқуға шақырған патриоттық өлеңдері оқылып, әлем ертегілері желісі бойынша көріністер, қойылып, қожанасыр қоржынынан көрермендерге 100 кітап бойынша сұрақтар қойып, жақсы жауап берген оқырмандарға тәттілер мен сыйлықтар берді.
Карнавалға атсалысып белсене қатысқандары үшін Шу аудандық балалар кітапханасы – І орын, Сарысу аудандық балалар кітапханасы – ІІ орын, Т.Рысқұлов аудандық балалар кітапханасы – ІІІ орындарды иеленді. Талас, Жуалы, Байзақ, Жамбыл,Мойынқұм аудандарының балалар кітапханаларына алғыс хаттар жәнесыйлықтарменмарапатталды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1180-100-kitap-zhobasy-lem-debietini-zhau-arlary-kitap-karnavly-ii-keze.html#sigProGalleria412f2b4a63