«Рухани жаңғыру – қоғамдық сананы жаңғырту»
дөңгелек стол
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» бағдарламасын ілгерілету мақсатында «Рухани жаңғыру – қоғамдық сананы жаңғырту» дөңгелек стол ұйымдастырылды. Мақсаты оқырмандарды отаншылдыққа ұлттық құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелей отырып, бәсекелестік, білім, ғылым тұтастық ұлттық код, рух сана сөздеріне түсінік беру. Дөңгелек столға Жамбыл медициналық колледжінің білімгерлерімен ұстаздары қатысты.
Шара барысында сөз алған Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжі экономикалық пәндер оқытушысы Есілбаева Жібек Есжанқызы білімгерлерге Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жанғыру» мақаласының бағыттарын толық түсіндіріп өтті. Тәуелсіздік алғалы тарихымыз қайта тіріліп, тіліміз қайта жаңғырды. Ендігі бағыт – ұлттың жаңғыру, рухтың жаңғыруы болмақ, ұлттық жаңғыру ұлттық тамырынан бастау алатыны туралы жан-жақты талданды. Жастар ұлттың бүгіні мен келешегі, рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алатынын басты назарда ұстайтындарын айтты. Рухани жаңғыру тақырыбында слайд көрсетілді.
Шараға 55 оқырман қатысып, 15 оқырман жаңадан тіркелді.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1179-rukhani-zha-yru-o-amdy-sanany-zha-yrtu-d-gelek-stol.html#sigProGalleria48b1ce0dc5