«Әлемді кітап арқылы танимын»
облыстық байқауы
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында «Туған жер – Туған ел» базалық бағытының «Рухани қазына кіші бағдарламасының аясында «Әлемді кітап арқылы танимын» ең көп оқитын оқырмандар арасында «Сұлтан Қалиев оқулары» аудандық, байқауы өткізілді. Байқау Жуалы, Талас, Сарысу, Қордай, Мойынқұм, Шу, Меркі, Т.Рысқұлов, Жамбыл, Байзақ аудандық, ауылдық балалар мен жасөспірімдер кітапханаларында өтті.
Қазақтың көрнекті ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Сұлтан Қалиевтың туылғанына 75 жыл толуына орай ақынның өмірі мен шығармашылығын балаларға тереңірек оқыту; балаларға арналған сан алуан тақырыптағы танымдық-тәрбиелік туындылары арқылы балалардың қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру және көркем сөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру, рухани-адами тәрбие беру, ұлтжандылық қасиеттер қалыптастыруды көздеген байқауға жас ерекшеліктеріне қарай 7 мен 10 жасқа дейінгі және 10 мен 15 жас аралығындағы оқырмандардың 2 тобы қатысты.
Байқау: 1. «Мен кітапхананың тұрақты оқырманымын» (сайыскердің өзін таныстыруы); 2. «Сұлтан Қалиев – балалар әдебиетінің көрнекті ақыны» (Е.Елубаевтың өлеңін жатқа оқу немесе әңгімелері бойынша сахналық қойылым қою); 3. «Портрет галереясы» (портреттегі бейненің кім екенін табу); 4.«Әдеби бәйге» (Сұлтан Қалиевтың өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап беру) 4-кезеңінен құралды. Байқауға жалпы 767 оқырман қатысты. Жамбыл ауданынан бастау алған байқауға Пионер ауылында дүниеге келген
Көрнекті балалар ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Сұлтан Қалиұлының өзі катысып туған Қапал, Шайдана ауылдарына, және Сеңгірбай көліне барып, оқыған мектебіне ат басын бұрып, оқушыларға ақын өлеңдерін оқып, балалық шағын еске алумен аяқталды. Сонымен қатар байқау басқа аудандарда жалғасын тапты.
Қордай ауданынында өткен байқауға зейнеткер, оқу ағарту ісінің үздігі еңбек ардагері Алдабаева Зураш Абдумаликқызы іс-шаралаға қонақ ретінде шақырылды. Сонымен қатар Меркі ауданында ақын жазушы Шырын Мамасерікова әділқазылар алқасында болды.
БАҚ өкілдері: аудандық газеттердің тілшілері де қатысты, олар – «Талас тынысы», газетінің тілшісі М. Жарас, Шұғыла-Радуга» газетінің тілшісі Қуатова Айдана Еркінбекқызы, Ерлан Дүйсенбин – Білім бөлімінің бас маманы; «Құлан таңы» газетінің тілшісі Марат Дихамбаевтар да іс-шараларға қатыстысып байқау туралы БАҚ беттеріне жариялады:
1. Қалыбеков И. Сұлтан Қалиев оқулары [Мәтін] / И.Қалыбеков // Шұғыла-Радуга.- 2018.-11 сәуір (№27).-8 б
2. М. Қарабаев «Әлемді кітап арқылы танимын» [Мәтін] /М. Қарабаев // Қордай шамшырағы-2018.2 мамыр (№33).-2б.
2.Диас Маратұлы Әлемді кітап арқылы танимын [Мәтін] / Диас Маратұлы// Жаңа өмір.- 2018-20 сәуір (№29) – 4 б. .
Әлеуметтік: Facebook желісінде, сонымен қатар zhambyl-madinet.kz›, jobjk.kz сайттарында.
Байқаудың тиімділігі: жергілікті балалар ақын-жазушыларын танымалдандыру, олардың шығармаларын насихаттау, сол арқылы рухты азамат қалыптастыру, қазақстандық отансүйгіштікке баулу; кітапханаға көптеп оқырман тарту; талантты жастарды анықтау, бәсекелестікке қалыптастыру.Жалпы аудандар бойынша 757 адам