«Діни экстремизм – қатерлі құбылыс»
ақпараттық сағат
Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылығын ашып, дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру мақсатында Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы Төле би атындағы №8 мектеп-гимназиясының оқырмандарының қатысуымен «Діни экстремизм – қатерлі құбылыс» ақпараттық сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы қоғамды жайлап бара жатқан түрлі келімсек діни ағымдар, олармен күресу жолдары, лаңкестік әрекеттер, олардың түпкі мақсаттарын түсіндірді. Оқырмандар діни наным-сенімдер турасында өмірден нақты мысалдар келтіріп өз пікірлерін білдірді. Сондай-ақ қатысушыларға әлемдік діндер жайында толық ақпарат берілді. Әсіресе жастардың өзге діни ағымның жетегінде жүруіне не себеп?, сана-сезімі тұмшаланып лаңкестік әрекеттер жасауының мақсаты неде?, жақын адамдарынан жырақта болып, тек өзімдікі дұрыс деп санайтын адамдардың келешегі қандай? т.б. осындай сауалдарға оқырмандармен бірлесе жауап іздеп көрдік. Еркін әңгімелесу арқылы қатысушылар діни экстремизм мен терроризмнің қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселелердің бірі екендігін түсініп, берілген ақпараттар арқылы дүниетанымдары кеңейе түсті.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1136-dini-ekstremizm-aterli-bylys-a-paratty-sa-at.html#sigProGalleria385a630690