Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 79 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1291922
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
1298
277
2379
3609
1575
1270704
1291922
Ваш IP: 216.73.216.138
Время на сервере: 02-07-2025 11:59:16

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Тіл дамыту – ой дамыту»

мақал-мәтел сайысы

 

Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен 21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай Төле би атындағы №8 мектеп гимназиясының орта буын оқушыларының қатысуымен «Тіл дамыту – ой дамыту» мақал-мәтел сайысы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: мемлекеттік тілдің мәдениетін көтеру, әдебиетті насихаттау, оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой-өрісін дамыту. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіртіп, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, тіл туралы мәтіндер, өлеңдер, мақал-метелдер, нақыл сөздер арқылы сана-сезімдерін оятып, өз елін, жерін, Отанын, туған халқының тілі мен салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандармен әңгіме, пікірталас жүргізіп, мемлекеттік тілді білудің маңыздылығы туралы түсінік беріп өтті. Осы мерекеге байланысты «Мақал сөздің мәйегі» тақырыбында тіл туралы мақал-мәтелдерден сайыс өткізілді. Оқушылар сайысқа қатысып, белсенділік танытты. Кітапханашы оқырмандарға әр түрлі сұрақтар қойып, тапсырмалар орындатты. Алдын ала берілген тапсырма бойынша оқушылар өз шығармашылықтарынан тіл туралы өлеңдер, эссе-шығармаларын оқыды.

Шара соңында «Тіл – ел байлығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Қасымова Г. Қазақ тілінің тарихы [Мәтін] / Г.Қасымов Оқу құралы -Алматы: «Баянжүрек», 2007.-272 б., Тіл туралы толғам [Мәтін] /-Астана: «Ер-Дәулет» 2007.- 160 б., Абдулина Б.Ш. Кәсіби қазақ тілі [Мәтін] / Б.Ш.Абдулин – Астана: «Фолиант», 2007.-120 б., Хасенов Ә. Тіл білімі [Мәтін] / Ә.Хасенов – Астана: «Ер-Дәулет», 2007.-128 б., т.б. мерзімді басылым беттерінен алынған материалдар қойылды.

Тиімділігі: 25 оқырман қатысып, кітап көрмесінен 20 кітап қойылды, 12 кітап қолға берілді, 15 оқырман жаңадан жазылды.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1134-til-damytu-oj-damytu-ma-al-m-tel-sajysy.html#sigProGalleriaea3d78913a
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz