Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 46 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1222941
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
277
449
2695
4582
18713
1180677
1222941
Ваш IP: 18.191.73.161
Время на сервере: 26-04-2025 15:42:52

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Оқырмандардың санасына латын әліпбиі жайында дұрыс көзқарас қалыптастырып, еліміздің әсіресе жастардың болашағы үшін жасалып жатқан істерге баға беріп, оның мазмұнын терең түсінуге жетелеу мақсатында «Латын әліпбиіне оқырмандық көзқарас» тақырыбында кездесу кеші өткізілді.

 

Кездесу кешіне «Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту» басқармасының Тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ахметова Мөлдір Ануарбекқызы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушылары Омаркулова Ляззат Кенжебекқызы, Еспенбетова Гүлнұр Таласбайқызы, №23 орта мектептің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Керімбаева Бақыткүл Керімқұлқызымен оқырмандар қатысты.

Іс-шара барысында Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген ұлттың рухани дамуының бағыттары мен алдағы жылдары іске асырылатын міндеттер жайында айтылып, оның ішінде латын әліпбиі жөнінде тереңірек сөз қозғалды. Шақырылған тіл мамандары латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашып, тіл тазалығын, тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік алатынымызды айтты. Сондай-ақ мамандар тәуелсіз мемлекетіміз жылдан-жылға өсіп-өркендеп, отандық ғылым-білім саласы дамып келе жатқан  кезеңде латын әліпбиіне көшсек, ешқандай қиындық туындамайтынын жеткізді. Тақырыпқа қатысты арнайы слайд көрсетіліп,  кездесу кешіне қатысушылар қонақтарға сауалдарын қойды. Жаңа әліпби жайында оқырмандар өз пікірлерімен бөлісті. 

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1085-latyn-lipbiine-o-yrmandy-k-z-aras-kezdesu-keshi.html#sigProGalleria012ca67d21
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz