ХАЛЫҚТЫҢ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ
БАСТАПҚЫ ДАЙЫНДЫҒЫ
(оқу-әдістемелік құрал)
Мазмұны:
1. |
Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднама …………………………………………........ |
3-бет |
2. |
Телефон арқылы және жазбаша түрде террористік актінің жасалу қаупі туралы хабар алған кездегі іс-қимылдар туралы жаднама ......................................................... |
4-бет |
3. |
Жарылыс қаупі туралы ақпарат алған кездегі басшыларға арналған ұсынымдар .………………………………...................... |
6-бет |
4. |
Жарылыс қаупі бар затқа ұқсас зат тауып алған кездегі адамдарға арналған жаднама………………………………... |
7-бет |
5. |
Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде жарылу аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған адамдарға арналған жаднама …………………………………………….................... |
9-бет |
6. |
Жарылыс қаупі бар затқа ұқсас зат тауып алған кездегі объект қызметкерлеріне арналған жаднама ………….............. |
10-бет |
7. |
Жарылыс қаупі бар затқа ұқсас зат тауып алған кездегі башыларға арналған ұсыныстар..................................................... |
11-бет |
8. |
Адамдарды кепілге алған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша халыққа арналған жаднама …………………...... |
12-бет |
9. |
Қызмет көрсету аумағында адамдар кепілдікке алынған объект басшысына, күзет құрылымдарының қызметкерлеріне арналған жаднама........................................... |
15-бет |
10. |
Қоныс аудару туралы ақпарат алған кездегі халықтың іс-қимылдары жөніндегі жаднама ……………..... |
16-бет |
11. |
Жарылғыш құрылғы болуы мүмкін жарылғыш құрылғы немесе күдікті зат тапқан кезде ұсынылатын көшу және қоршау аймақтары............................................................. |
17-бет |
|
|
|
Террористік актілерді болдырмау жөніндегі
халыққа арналған жаднама
Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.
Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.
Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық-жабықтығын тексеріңіздер.
Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқылысыздар.
Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыздар.
Қолайсыз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты тауып алу сіздің сақтығыңызды әлсіретуге тиіс емес. Қаскөй адам оны бір нәрседен, біреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкін.
Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тәжірибеңіз болса да, онымен бір нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал және әккі болып келеді.
Күдік тудыратын затқа жақындамаңыздар, тіпті қол тигізбеңіздер, бұл - өмірлеріңізге өте қауіпті.
Жарылғыш құрылғылар туралы балаларыңызға айтып отырыңыздар.
Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есік ашуға, жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретіңіздер.
Телефон арқылы және жазбаша түрде террористік актінің
жасалу қаупі туралы хабар алған кездегі
іс-қимылдар туралы жаднама
1. Хатшылар (диспетчерлер, кезекшілер және т.б.) анониммен (хабар берген бейтаныс адаммен) берік байланыс жасауы керек. Ол үшін:
1) өзін таныстыруы (өзінің, әкесінің атын, лауазымын айтуы);
2) сөйлеушіні тыныштандыруға тырысуы;
3) оның талаптары дер кезінде әкімшілікке жеткізілетіндігіне сендіруі қажет.
2. Анонимнің талаптарын анықтауы және қауіптің сипаты туралы ақпарат алуы қажет. Ол үшін:
1) жасырын адамды мұқият тыңдап, барлық талаптарын оның айтуы бойынша жазуы;
2) кез келген сылтаумен оның өз талаптарын қайталауын ұсынуы;
3) анонимге әңгімені неғұрлым көбірек айтқыза отырып, қауіптің сипаты және оның іске асырылу уақыты туралы нақтылайтын сұрақтар қоюы керек.
3. Анонимнің іс-әрекеттерінің себебін анықтау керек. Ол үшін:
1) анонимнің көздеген мақсаты туралы сұрақ қою, осы ретте қатыстылығыңызды сездіре отырып, анонимнің жауаптарын мұқият тыңдау;
2) анонимге өз мүдделерін іске асырудың басқа жолдарын ұсыну.
4. Анониммен байланысты тоқтатар кезде онымен болған әңгіменің маңызды сәттерін қайталап сұрай отырып, талаптарының әкімшілікке жеткізілетіндігін айту керек. Кез келген орынды сылтаулармен оны қайтадан телефон шалуға көндіруге тырысу керек.
5. Әңгіме кезінде әңгіменің фонограммасын жазудың барлық мүмкін шараларын қолдану керек.
6. Болған оқиғалар туралы:
1) «02» телефоны арқылы құқық қорғау органдарына;
2) объекті әкімшілігінің басшыларына хабарлау керек.
7. Егер телефоныңызда нөмір анықтағыш болмаса немесе ол істемей қалса, телефон тұтқасын ілмей, жанына қойыңыз. Басқа телефоннан телефон стансасына қоңырау шалған телефон нөмірін (қалалық, қалааралық) анықтап беруді өтініп телефон шалыңыз.
8. Қауіп-қатер туралы үрей тудырмау және бейкәсіби іс-қимылды болдырмау үшін ол туралы міндетті түрде білулері қажет адамдардан басқа ешкімге хабарламау керек.
Объект әкімшілік басшысы:
1) тәсімге (схемаға) сәйкес қызметкерлерді көшіруді ұйымдастыруы;
2) құқық қорғау органдарының өкілдері келгенге дейін күдік тудыратын заттар болуы мүмкін орындарды анықтау үшін қызметкерлерден сұрақ алуды ұйымдастыруы;
3) затты тауып алған жерге құқық қорғау, медициналық, өрт сөндіру және басқа да орагандар автокөліктерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз етуі;
4) анонимнен қауіп-қатер туралы хабар алған адамға үрей тудырмау үшін алынған қауіп-қатер жөнінде ақпаратты таратудың орынсыздығы туралы ескертуі;
5) құқық қорғау органдарының өкілдері келгенге дейін барлық қызметкердің, әсіресе, анониммен сөйлескен қызметкердің болуын қамтамасыз етуі қажет.
Жазбаша қауіп-қатер туралы хабар алған кезде:
1) құқық қорғау органдарына хаттың (жазбалардың, дискеталардың, т.б.) сақталуы және оны жылдам жеткізу үшін шаралар қолдануы;
2) хаттарды (жазбаны, дискетаны және т.б.) мүмкіндігінше полиэтилен пакетке салуы;
3) құжатта саусағының таңбасын қалдырмауға тырысуы;
4) егер құжат конвертте болса, оны ашу конверттің сол жақ немесе оң жақ жиектерін қайшымен қию арқылы жасалуы;
5) құжаттың өзін, конвертті, оралған затты, барлық қолда барды сақтауы. Еш нәрсені лақтырмауы;
6) басқа адамдарға хаттың (жазбаның) мазмұнымен танысуға рұқсат етпеуі;
7) хатты (жазбаны және т.б) алған немесе тапқан кездегі жағдайды есте сақтауы;
8) алынған авторы беймәлім материалдардың үстінен жазуға, сызуға болмайды. Оларды бүктеуге, умаждауға, тігуге, желімдеуге рұқсат етпеуі;
9) алынған авторы беймәлім материалдарды олардың нақты белгілерін (түрін, санын, қандай тәсілмен және неде орындалғанын, мәтіннің қандай сөзден басталып және қандай сөзбен аяқталатын, қол қойылғандығы және т.б), сондай-ақ оларды табу немесе алу жағдайларын нақты көрсетіп, ілеспехатпен құқық қорғау органдарына жіберулері керек.
Жарылыс қаупі туралы ақпарат алған кездегі
басшыларға арналған ұсынымдар
1. Үрей тудырмау.
2. Сөз таратпау.
3. Қауіп туралы «02» телефоны арқылы дереу хабарлау.
4. Алынған ақпарат туралы тек өзінің қауіпсіздік қызметі бастығына немесе арнайы дайындығы бар қызметкерлер тобына хабарлау.
5. Құқық қорғау органдарының өкілдері келгенге дейін күдік тудыратын заттар болуы мүмкін орындарды анықтау үшін қызметкерлерден сұрақ алуды ұйымдастыруы.
6. Жарылыс қаупі бар затқа ұқсас затқа жақындамау.
7. Жарылыс қаупі бар затқа ұқсас зат көрсетіле отырып, объектінің тәсімін жасау.
8. Тиеу-түсіру жұмыстарын, соның ішінде қоқыс жәшіктерін төгуді де тоқтату.
9. Ғимарат жанында тұрған автокөліктерді тексергеннен кейін қауіпсіз жерге апарып қою.
10. Жағдайды талдау және көшіруге шешім қабылдау.
Жарылыс қаупі бар затқа ұқсас зат тауып алған кездегі адамдарға арналған жаднама
Табылған заттың жарылыс қаупі болуы мүмкін екендігін дәлелдейтін белгілері:
1) машинада, баспалдақта, пәтерде және т.б. жерде беймәлім түйіншектің немесе қандай да бір заттың болуы;
2) машинаның астынан шығып тұрған сым темір, бау, сым, қорек көзі немесе оқшаулау лентасы;
3) бөтен сөмке, портфель, қорапша, қандай да болсын зат; машинада, пәтер есігінің алдында, кіре берісте табылған заттың өзгеше орналастырылуы;
4) табылған күдік тудыратын заттағы шу (сағат тетігіне тән сипаттағы дыбыс, жиілгі төмен шу);
5) Біліп жүріңіз: заттың сыртқы пішіні оның негізгі мақсатын жасырып тұруы мүмкін. Жарылғыш құрылғылар үшін камуфляж ретінде кәдімгі тұрмыстық заттар: сөмкелер, пакеттер, түйіншектер, қорапшалар, ойыншықтар және тағы да басқа заттар пайдаланылады.
Егер де сіз күдік тудыратын зат тауып алсаңыз, ол фактіні назардан тыс қалдырмаңыз:
1) қоғамдық көлікте:
- қасыңыздағы адамдардан сұраңыз;
- заттың (сөмкенің және т.б.) кімдікі екенін немесе кім қалдырып кетуі мүмкін екенін анықтауға тырысыңыз;
- егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу жүргізушіге (машинистке және т.б.) хабарлаңыз.
2) үйіңіздің кіре берісінде:
- көршілерден сұраңыз, мүмкін ол зат соларға тиесілі шығар. Егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу ІІМ, ҰҚК органдарына хабарлаңыз.
3) көшеде, саябақта және т. б.:
- айналаңызға қараңыз, егер мүмкіндік болса, заттың иесін анықтауға тырысыңыз. Егер ол анықталмаса, полиция қызметкерлеріне немесе тікелей ІІМ, ҰҚК органдарына хабарлаңыз;
- құқық қорғау органдары келгенше затты бөгде адамдардан оқшаулауға тырысыңыз. Олар келген соң зат табылған уақыт туралы ақпарат беріңіз.
4) мекемелерде, ұйымдарда:
- тауып алған зат туралы объект әкімшілігі басшысына дереу хабарлаңыз.
Мыналарға тыйым салынады:
- табылған затты ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға;
- табылған бөгде затты пайдалануға;
- заттарды орындарынан қозғауға, бір жерден екінші жерге дөңгелетіп апаруға, қолға алуға;
- көтеруге, тасуға, қалтаға, портфельге, сөмкеге салуға және т.б.;
- жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға;
- заттардан шығып тұрған сым темірлерді немесе сымдарды үзіп тастауға немес тартуға, оларды залалсыздандыруға тырысуға;
- мүмкіндігінше оған жақын аралықта радио- және электр-аппараттарын, ұялы телефондарды пайдалануға;
- табылған затпен немесе күдік тудыратын заттармен жеке іс-қимыл жасауға тырыспаңыз, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкін, бұл жарылысқа, көптеген құрбандыққа, қирауға әкелуі мүмкін.
Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған адамдарға арналған жаднама
Егер сіз жарылу аймағында қалсаңыз, естен танбай, қимылдай алатын халде болсаңыз, ең бірінші кезекте түтін мен жалын жоқ жерге қарай жүруге, еңбектеуге тиіссіз.
Егер сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерін бағалаңыз: тамыры соға ма, адам есін жоғалтқан жоқ па? Ешқашан оның есін мүсәтір арқылы жиғызуға тырыспаңыз. Естен тану – бұл организмнің сыртқы әсерден қорғануы. Егер зардап шеккен адамның сынған жерлері болмаса (оның сүйектерін мұқият басып көріңіз), оны қырынан жатқызыңыз. Ол шалқасынан жатса, құсыққа шашалып, етпетінен жатса тұншығып қалуы мүмкін. Күре тамырдан қан кеткен (алқызыл қан шапшып жатса) кезде жарақатты неғұрлым тез, тым болмағанда, саусақпен басып, содан соң жараның жоғары жағынан жіппен, белбеумен, баумен, белдікпен таңу керек.
Егер сіз ғимараттың қираған үйінділері арасында қалсаңыз, жасымауға тырысыңыз. Тынышталыңыз. Терең және бірқалыпты тыныс алыңыз. Өзіңізді біреулердің құтқаратынына иландырыңыз. Дыбыс беру және бір нәрсені тарсылдату арқылы адамдардың көңілін аударыңыз. Егер сіз ғимараттың қираған үйінділерінің түбінде қалсаңыз, сізді жаңғырық дыбыс анықтағыш арқылы тауып алу үшін кез келген металл затты (сақина, кілт және т.б.) оңды-солды қозғап, дыбыс шығарыңыз.
Егер айналаңыздағы кеңістік біршама кең болса, оттықты тұтандырмаңыз. Оттегін сақтаңыз.
Қабырғалардың қайта опырылып құлауын болдырмауға тырысып, абайлап жылжыңыз, сырттан соққан ауаның қозғалысы бойынша бағдар ұстаңыз. Егер мүмкіндігіңіз болса, қолға ұстауға келетін заттардың (тақтайлар, кірпіштер және т.б.) көмегімен төбені бекітіңіз, содан соң көмек күтіңіз. Қатты шөл қысқан кезде кішкентай тасты аузыңызға салып, сорыңыз. Мұрныңызбен тыныс алыңыз.
Жарылыс қаупі бар затқа ұқсас зат тауып алған кездегі объект қызметкеріне арналған жаднама
Жұмыс орындарыңызда қала отырып, құқық қорғау органдарына, объект басшысына немесе күзет қызметкеріне дереу хабарлаңыздар. Команда бойынша ғана іс-қимыл жасаңыздар.
Күдікті затқа жақындамаңыздар және қолмен ұстамаңыздар.
Үрей тудырмай, қауіпті аймақтан кетіңіздер және адамдарды аулақтатыңыздар. Көшіру адамдарды күдікті зат жатқан аймақ арқылы өткізбей жүргізілуі тиіс. Есте сақтаңыздар, толық көшіру құқығы басшыға ғана тиесілі.
Арнайы бөлімшелер келгенге дейін қауіпті аймақты қорғаңыздар немесе оған бөгде адамдардың кездейсоқ кіріп кетуін басқа да тәсілдермен болдырмаңыздар.
Жарылыс қаупі бар затқа ұқсас зат тауып алған кездегі
басшыларға арналған ұсыныстар
1. Үрей тудырмау.
2. «02» телефоны бойынша дереу хабарлау.
3. Жарылыс қаупі бар зат жатқан аймақты қоршау.
4. Жағдайды бағалау және қауіпсіз жерге көшіруге шешім қабылдау.
5. Толық немесе ішінара көшіруге шешім қабылданған жағдайда оны ұйымдасқан түрде жүргізу. Бұл үшін алдын ала пысықталған командаларды пайдалану ұсынылады. Мысалы, «Оқу-жаттығу өрт дабылы! Бәріңіз сыртқа шығыңыздар!»
6. Көшіру адамдарды жарылыс қаупі бар затқа ұқсас зат жатқан аймақ арқылы өткізбей жүргізілуі тиіс.
Адамдарды кепілге алған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша
халыққа арналған жаднама
Адамдарды кепілге алудың әрбір нақты жағдайы өзгеше және басқалардан ерекшеленеді.
Сонымен қатар егер сіз кепілге алынсаңыз:
1) өз-өзіңізге мүмкіндігінше жылдам келіңіз, тынышталыңыз және үрейленбеңіз;
2) егер өзіңізді немесе көзіңізді байлап қойса, бойыңызды еркін ұстауға тырысыңыз, терең тыныстаңыз;
3) болуы мүмкін қатаң сынаққа жеке адами, моральдық және эмоционалдық тұрғыда дайын болыңыз. Осы ретте адамдарды ұстаудың көптеген жағдайларында кепілге алынғандардың тірі қалғандығын есте сақтаңыз. Сізді босату үшін құқық қорғау органдарының кәсіби шаралар қолданып жатқанына сеніңіз;
4) егер қашып кете алатыныңызға толық сенімді болмасаңыз, қашуға тырыспаңыз;
5) террористер туралы мүмкіндігінше көбірек ақпаратты есте сақтаңыздар. Олардың санын, қарулану дәрежесін мақсатқа сай белгілеу, дене бітіміне, сөйлеу акценті мен тақырыбына, темпераментіне, өзін ұстау мәнеріне және т.б. сыртқы пішінін сипаттайтын ерекшеліктерге көңіл аудара отырып, барынша толық кескінін жасау. Жан-жақты ақпараттың соңынан террористердің жеке бастарын анықтауда құқық қорғау органдарына көмегі тиеді;
6) әр түрлі белгілер бойынша өзіңіз отырған (қамалған) орынды анықтауға тырысыңыз;
7) мүмкіндігінше терезелерден, есіктерден және адам ұрлаушылардың өздерінен алысырақ, яғни құқық қорғау органдары белсенді шаралар қабылдаған жағдайда (үй-жайға шабуыл, мергендердің қылмыскерлерді көздеп атуы және т.б.) неғұрлым қауіпсіз жерге орналасыңыз;
8) ғимаратқа шабуыл жасаған жағдайда қолды желкеңізге қойып, еденге етпеттеп жату;
9) егер шабуыл жасаған және басып алған кезде Сізбен әдепкіде (Сіздің жеке басыңызды анықтағанға дейін) ықтимал қылмыскер ретінде бірқатар дөрекі іс-әрекетке барса, ашуланбаңыз. Сізді тінтуі, қолыңызға кісен салуы, байлауы, эмоционалдық немесе жеке басыңызға жарақат жасауы, тергеуге алуы мүмкін. Бұл тәрізді жағдайларға түсіністікпен қараңыз, шабуылдаушылардың мұндай әрекеттері (барлық адамды түпкілікті сәйкестендіргенге және шынайы қылмыскерлерді анықтағанға дейін) дәлелденген.
Адамды ұрлаушылармен өзара қарым-қатынас:
1) агрессивті қарсылық көрсетпеңіз, шалт және қауіп төндіретін қимыл жасамаңыз, террористерді өздері ойластырмаған іс-әрекеттерге итермелемеңіз;
2) мүмкіндігінше адам ұрлаушылармен тікелей көзбен арбасатын байланыстан қашыңыз;
3) бастапқыда-ақ (әсіресе, бірінші жарты сағатта) адам ұрлаушылардың барлық бұйрығын және өкімін орындаңыз;
4) пассивті ынтымақтастық позициясын ұстаныңыз. Сабырлы дауыспен сөйлесіңіз. Басып алушылардың ашу-ызасын тудыруы мүмкін дұшпандық рең мен іс-қимылға шақыратын жек көрушілік сезімін білдіруден қашыңыз;
5) өзіңізді сабырлы ұстаңыз, бұл ретте өз абыройыңызды сақтаңыз. Үзілді-кесілді қарсылық жасамаңыз, бірақ өзіңізге өте қажетті жағдайда сабырмен өтініш жасаудан қорықпаңыз;
6) аталған жағдайда қатты күйзелуден қозғалуы мүмкін денсаулық кінәратыңыз болса, бұл туралы өзіңізді ұстап отырған адамдарға сабырлы түрде жеткізіңіз. Қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, біртіндеп өзіңіздің жай-күйіңізді жақсартуға байланысты өтініштер деңгейін арттыруға болады.
Кепілдік жағдайында ұзақ болған кезде:
1) уайым, абыржу және асып-сасу сезімінің орын алуына жол бермеңіз. Алдағы сынақтарға өзіңізді ойша дайындаңыз. Ақыл-ой белсенділігін сақтаңыз;
2) ашыну сезімінің пайда болуынан қашыңыз, ол үшін өз-өзіңізді сендірудің ішкі ресурстарын пайдаланыңыз;
3) жағымды нәрселер туралы ойлаңыз және сондай жағдайларды еске түсіріңіз. Уақыт өткен сайын сізді босату мүмкіндіктерінің арта түскенін ойлаңыз. Сізді дәл қазір босату үшін барлық мүмкіндіктердің жасалып жатқандығына сеніңіз.
4) өзіңізге тұрақты айналысатын бір іс (дене жаттығулары, кітап оқу, өмір туралы естеліктер және т.б.) табыңыз. Дене және интеллектуалдық іс-қимылдың тәуліктік кестесін белгілеңіз, оларды қатаң әдістемелік тәртіппен орындаңыз;
5) күшіңізді сақтау үшін, тіпті ұнамаса және тәбетіңізді ашпаса да берген тағамның бәрін жеңіз. Осындай қысылтаяң жағдайда тәбетіңіз бен салмағыңыздың жоғалуы қалыпты құбылыс болып табылатындығына ден қойыңыз.
Психологиялық орнықтылықты сақтау кепілдегі адамды құтқарудың маңызды шарттарының бірі. Мұнда ойдың айқындығын сақтауға, жағдайды дәлме-дәл бағалауға мүмкіндік беретін жағымсыз әсерлер мен күйзелістерден оқшаулайтын кез келген амал-әдістер тиімді. Мынадай ережелерді ұғып алған пайдалы:
1) аталған жағдайларда қолайлы дене шынықтыру жаттығуларын жасаңыз, кем дегенде, денедегі барлық бұлшық еттерді кезек-кезек ширықтырыңыз және босаңсытыңыз;
2) барлық жағдайларда аутотренинг пен медитацияны қолдану өте пайдалы, олар өз психикаңды бақылауда ұстауға көмектеседі;
3) ішіңізден оқыған кітаптарыңызды, өлеңдеріңізді, әндеріңізді есіңізге түсіріңіз, жүйелі түрде әр түрлі дерексіз проблемаларды (математикалық есептерді шығарыңыз, шетел сөздерін есіңізге түсіріңіз және т.б.) ойлап алыңыз. Сіздің ақыл-ойыңыз жұмыс істеуі керек. Дінге сенушілер дұғалардан жанына тыныштық іздеуі мүмкін;
4) егер мүмкіндік бола қалса, қолыңызға түскеннің бәрін, тіпті оның мәтіні сізге мүлдем қызықсыз болса да оқыңыз. Сондай-ақ жазғандарыңызды қайтып алатынына қарамастан, жазуыңызға да болады. Ақыл-есті сақтауға көмектесетін осы үдерістің өзі маңызды.
5) Болып жатқан жағдайларды жүрегіңізге жақын алмай, сырттан қарауға тырысыңыз, соңына дейін істің сәтті аяқталатынына сеніңіз. Қорқыныш, торығу мен селқостық – бұл үшеуі сіздің негізгі жауыңыз, оның бәрі – өз ішіңізде жатыр.
Қызмет көрсету аумағында адамдар кепілдікке алынған объект басшысына, күзет құрылымдарының қызметкерлеріне арналған жаднама
Есіңізде жүрсін, кепілге алынған адамдардың өмірі саудаға түскен зат сияқты үнемі қауіп-қатерде болады, сол себепті үрейге бой алдырмастан:
1) қалыптасқан жағдай туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлау;
2) өз еріктеріңіз бойынша террористермен келіссөз жүргізбеу;
3) объектіге құқық қорғау органдары, құтқару қызметі қызметкерлерінің, медициналық көмек автомашиналарының кедергісіз жүруі (өтуі) үшін шаралар қабылдау;
4) ҰҚК және ІІМ арнайы бөлімшелерінің қызметкерлері келгенде оларды қызықтыратын ақпаратты алуы үшін көмектесу;
5) қажет болғанда, егер бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян әкелмесе, қылмыскерлерге қарсы келмей, қылмыскерлердің талаптарын орындау, маңайындағылардың және жеке өз өмірінің қауіпсіздігін сақтау;
6) қылмыскерлер қару қолданып, адам өмірін қиюға әкеп соқтыратын іс-әрекетке бармау керек.
Қоныс аудару туралы ақпарат алған кездегі
халықтың іс-қимылдары жөніндегі жаднама
Егер сіз қауіпсіз жерге көшіруді бастау туралы ақпаратты үйіңізде естісеңіз:
1) ауа-райына қарай киініңіз, құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;
2) электрді, газды, суды ажыратыңыз, пештегі (алауошақтағы (камин) отты сөндіріңіз;
3) көшу кезінде егде және ауыр науқастарға көмек көрсетіңіз;
4) кіреберіс есікті құлыптап жабыңыз;
5) ғимараттан шығыңыз және көшірушінің командасын орындаңыз, тастап кеткен үй-жайға жауапты адамдардың рұқсатынан кейін ғана қайта оралыңыз.
Егер сіз қауіпсіз жерге көшіруді бастау туралы ақпаратты жұмыс орныңызда естісеңіз:
1) асықпай және дүрлікпей жұмыс құжаттарыңызды сейфке немесе кілтпен жабылатын үстел жәшіктеріне жинаңыз;
2) өзіңізбен бірге жеке заттарыңызды, құжаттарыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;
3) ұйымдастыру техникаларын, электр құрылғыларын сөндіріңіз;
4) есікті кілттеп жабыңыз және көшіру тәсімінде белгіленген бағытпен жүріңіз;
5) ғимараттан шығыңыз және көшіру басшысының командасын орындаңыз.
Жарылғыш құрылғы болуы мүмкін жарылғыш құрылғы немесе күдікті зат тапқан кезде ұсынылатын көшу және қоршау аймақтары
1. |
РГД-5 гранатасы |
50 метрден кем емес |
2. |
Ф-1 гранатасы |
50 метрден кем емес |
3. |
Массасы200 граммтротил қопарғыш құты |
45 метр |
4. |
Массасы400 граммтротил қопарғыш құты |
55 метр |
5. |
0,33 литрлік сыра құтысы |
60 метр |
6. |
МОН-50 минасы |
85 метр |
7. |
Шабадан (кейс) |
230 метр |
8. |
Жол шабаданы |
350 метр |
9. |
«Жигули» үлгісіндегі автомобиль |
460 метр |
10. |
«Волга» үлгісіндегі автомобиль |
580 метр |
11. |
Шағын автобус |
920 метр |
12. |
Жүк автомашинасы (фургон) |
1240 метр |
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1024-zhana.html#sigProGalleria8fc57f898f