Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Еліміздің ертеңі – білімді жастар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге «Тараз - 125» білім беру орталығының маманы Рысбаев Нұрлан Бағланұлы, №54 орта мектептің мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары және кітапхана қызметкерлері қатысты.
Іс-шараның мақсаты «Тараз – 125» білім беру орталығымен, Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа формат ережелерімен және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті мамандықтармен таныстыру. Сонымен қатар өз жұмысын жақсы білетін, жан-жағына бағыт-бағдармен қарайтын, кәсіби өсуге, оңтайлы әрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті, өз ойын еркін айта алатын, жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, шығармашыл, оңтайлы кәсіби білікті азаматты тәрбиелеу.
Іс-шара барысында Рысбаев Нұрлан Бағланұлы сөз сөйлеп, «Тараз – 125» білім беру орталығының басты мақсаттары мен атқарып жатқан жұмыстарын яғни балаларды қалай білім шыңына жеткізу жолдарын слайд арқылы көрсетіп, биылғы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілген өзгерістерді айтты. Қазіргі заман талабының негізі жастарды білім алуға тәрбиелеу болса осы жолда оқырмандарға білікті де білімді маман иесі атануда адам бойында қандай қасиеттер мен ынта жігер болуында айтып өтті. Болашақта өз ісінің білгір маманы атану үшін әр дайым ізденіс үстінде болып Елбасы Н.Назарбаевтың жастарға жасап отырған саясатының маңыздылығын жеткізді. Келесі кезекте кітапхана қызметкері сөз алып ХХІ ғасыр оқуға құштар, жігерлі жастардың қолында екендігін айтып, кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсететін бөлімдерімен және «Болашақ – білімді жастардың қолында атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап өтті. Қатысушылардың білім деңгейінің қаншалықты дәрежеде екендін анықтау үшін сұрақтар қойылып, оқушылар белсенділік танытып барлық сұрақтарға мүдірмей жауап қайтарды. Арнайы дайындалған слайд арқылы қатысушылар еліміздегі белгілі деген оқу орындарымен танысып, сұранысқа ие мамандықтарды білді. Іс-шараға қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Іс-шараға 30 оқырман қатысып, көрмеге 16 кітап және газет-журнал ұсынылды. Қолға 10 кітап беріліп, кітапханаға жаңадан 24 оқырман тіркелді.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1001-elimizdi-erte-i-bilimdi-zhastar-d-gelek-stel.html#sigProGalleria91d71b0097