Өңіріміздегі ескерткіштерді, олардың құрылу тарихын насихаттау мақсатында «Ескерткіштер: өткені мен бүгіні» өлкетанулық жобасы аясында 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің басты каһарманы Қайрат Рысқұлбековке арналған «Қайсар рухты қазақ» тарихи калейдоскоп өткізілді.
Іс-шара барысында Қ. Рысқұлбеков атындағы саябақта тұрғызылған еңселі ескерткіштің құрылу тарихы, мүсіннің өлшемі, оның ашылу рәсіміне қатысқан айтулы тұлғалар жайлы көптеген ақпарат берілді.
Төле би атындағы №8 гимназияның оқырмандарына дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы Желтоқсан көтерілісі баяндалып, тақырыпқа сай жасақталған кітап көрмесі таныстырылды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?start=64#sigProGalleria5ea8a8cd72
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні туралы мәлімет беру, елінің Тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында №62 орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіз елім Қазақстан» тарихи реквием өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындап, Желтоқсан көтерілісінде тарихта аты қалған – Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев, Сабира Мұхамеджановалардың Тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан ерліктерін дәріптеді.
Желтоқсан оқиғасы мен Тәуелсіздік туралы сұрақ-жауаптар қою арқылы ой толғап, Қазақстанның дамып өркендеу жолында әр жылдардағы жетістіктерге шолу жасап, кітап көрмесімен танысты.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?start=64#sigProGalleriaa100bdd80a
Оқырмандарға Тәуелсіздіктің маңыздылығын ұғындыру, патриоттық тәрбие беру мақсатында 16 желтоқсан –ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – елімнің еркін жолы» тарихи бенефис өтті.
Іс-шара барысында оқырмандарға 1986 жылдың дүрбелеңге толы үш күн бойына болған оқиғаларға ақпарат беріліп, №62 орта мектептің оқырмандары патриоттық әндер орындап, өлең шумақтарын арнады.
Іс-шара соңында «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік» кітап көрмесіне шолу жасалды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?start=64#sigProGalleriaa0e4fe5983
Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Көсемәлі Сәттібайұлының 65 жас толуына орай жас талантты авторларды табу және қолдау, олардың әдеби шығармашыл құрдастарымен кездесуіне мүмкіндік туғызу мақсатында ұйымдастырылған «Көркем сөздің Көсемі» тақырыбында «Кітап жабылады - оқиға жалғасады» атты фанфик әдеби байқауы өтті.
Байқауға 67 үміткердің шығармашылық жұмыстары қабылданды.
Қазылар алқасы құрамындағы ақын, облыстық «Ақ жол» газетінің аға тілшісі Есет Досалы, жазушы, журналист Қамар Қарасаева үміткерлердің жұмыстарымен танысып, ақтық кезеңге 21 туындыларды іріктеп алды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша Бас жүлде Тараз қаласы С.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектептің 9 сынып оқушысы Жұмабай Аружан - «Шаншарханның шыңдығы», І орынды №6 орта мектептің 8 сынып оқушысы Жеңісбекқызы Саяжан-«Бәйтерек», Сәмбетбай Әсем- «Сарыжайлау – Махаббат пен Табиғат.....!», № 44орта мектептің 7 сынып оқушысы Сағындық Асылы-«Елгезек бағдаршам, токқуат және басқалар», ІІ орынды № 44 орта мектептің 5 сынып оқушысы Төлен Анель-«Көкектің балапаны», №35 орта мектептің 8 сынып оқушысы Атабаева Сезім-«Бірлікті іздеген бала», №40 гимназиясының 7 сынып оқушысы Көркемжанқызы Амина- «Шарбақтының жалғызы», ІІІ орынды Жамбыл атындағы №5 гимназиясының 6 сынып оқушысы Рысқұл Айару-«Шеткері үйдің жарығы», №47 орта мектептің Балтабай Сәуле-«Ақпараттың ерлігі туралы әуезі», №16 орта мектептің 10 сынып оқушысы Маербек Дина-«Шеткері үйдің жарығы» иеленіп, Диплом алды. Ал, 9 үміткер Алғыс хатпен ынталандыру сыйлығымен марапатталды.
Іс-шарада Төле би атындағы №8 гимназиясының 2 «Ә» сыныбының оқушылары театр үйірмесінің мүшелерінің қатысуымен «Елгезек бағдаршам» композициясы мен әндер орындады.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?start=64#sigProGalleriac0c2674cfa