Қазақстанда тату - тәтті өмір сүретін халықтардың әдет - ғұрпын, дәстүр - тарихын, тілін қастерлеп, Жастарға бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру, еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясына - 20 жыл толуына орай оқу залы секторы 03.02.2015 жылы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушыларымен «Қазақстан – этносаралық, конфессияаралық келісім моделі» тақырыбында конференция өтті.
CommentsОқырмандардың ой-өрісін дамыту, білімін жетілдіру, мемлекетіміздің, халқымыздың бірлігін, ағайынның татулығын сақтау бәріміздің ортақ парызымыз екенін жете түсіндіру, насихаттау мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толуына орай «Тілегіміз-татулық, тірегіміз-тұрақтылық» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
CommentsЖамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мерзімді басылымдар секторында патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету; опат болған жауынгерлер рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге, қордағы бар мәліметтерді насхаттау мақсатында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Ұлы Жеңіске мың тағзым» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Ұлы Отан соғысына арналған кітаптар мен Отандық және жерлес жауынгерлеріміздің шығармалары, майданға қатысқан азаматтардың тізімі топтастырылып жинақталған кітаптармен майдан жырын жырлаған ақын - жазушылардың кітаптары қойылды.
CommentsҚазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қасиетіміз, қастеріміз қазақ хандығы» тақырыбында ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Баспасөз әлемінде», «Оқы, бұл қызық»,«Қуатты Қазақстанның қарышты қадамдары», «Тұғыры асқақ туған ел» тақырыптарында мерзімді басылымдар секторында кітап көрмелері ұйымдастырылды.
Comments