Оқушыларды қазақ хандығының құрылу тарихымен, қазақ хандығының тарихындағы қиын қыстау кезеңдерінде жол көрсетіп, басшылық жасап, қазақ хандығын қалыптастырып нығайтуға үлкен үлес қосқан Жәнібек пен Керей хандар туралы тарихи еңбектермен таныстыру. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, сахна мәдениетіне үйрету. Қазақ халқының басынан өткерген қиындықтарын көрініс арқылы жеткізу, ұлттық сана-сезімдерін ояту. Көпшілік алдында өздерін еркін ұстай білуге тәрбиелеу мақсатында 30 сәуір күні «Ұлы даланың рухы» драмалық көрініс көрсетілді.
CommentsБүлдіршіндер секторының кітпханашысы Оңғарбаева А мен № 30 «Нәзерке» балабақша «Құлпынай» ортаңғы тобының тәрбиешісі Баймаханова А. бүлдіршіндерінің қатысуымен кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік берді. Кітапханаға келіп түскен жаңа панорама-кітаптар, 3Д кітаптар, сөйлейтін кітаптар, ұзын кітаптармен таныстыра отырып, кітапқа деген бүлдіршіндердің қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу мәнерін дамыту. Бүлдіршіндерді кітапты сүюге баулу, кітапты күтіп ұстау ережелерін білуге тәрбиелеу мақсатында «Ертегілер әлемі» атты тақырыбында саяхат өткізілді. Кітапханашы бүлдіршіндерді кітап қорына келіп түскен заманауи технологиялық кітаптар: 3Д, панорама, сөйлейтін, ұзын кітаптармен таныстырып өтті. Ертегі кейіпкерлерді кітап арқылы көрсетіп бүлдіршіндер өздері білетін ертегілерін ортаға салып айтып берді. Сондай-ақ көптеген сұрақтар қойылып, қызықты жауаптар айтылды.
CommentsЖамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мерзімді басылымдар секторының меңгерушісі Баймағамбетова А. №33 М. Әуезов атындағы орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Бегимбаева А. бірлесе отырып Қазақстан халқы Ассамблеясның 20 жылдық, мерейтойымен 1-мамыр Бірлік күні қарсаңында Қазақстанда тату - тәтті өмір сүретін халықтардың әдет - ғұрпын, дәстүр - тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру, еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту мақсатында «Қазақстан – татулық пен бірліктің ордасы» атты тақырыбында 5-7 сынып оқушыларының қатысуымен мерекелік кеш өткізілді.
CommentsҚазақ балалар әдебиетінің ірі классиктерінің бірі - Сансызбай Сарғасқаевтың туғанына 90 жыл толуына орай Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназияның 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Сұлутөр бөктерінде» тақырыбында әдеби круиз өткізді. Сансызбай Сарғасқаевтың кейіпкерлері көбіне ауыл балалары. Ол жас жеткіншектердің ой-арманы, қоғамдық пайдалы істері, өнер-білімге деген құштарлығы, бір-біріне адалдығы, достық қарым-қатынасы жайлы жаза отырып, жас ұрпақты адамгершілікке, шыншылдыққа, қайырымдылыққа баулиды. Міне осындай керемет шығармаларға арналған әдеби крузде кітапханашы ұлы Жамбыл жерінің тумасы жерлесіміз С.Сарғасқаевтың «Жұмбақ қыз», «Тәмпіш қара», «Алға командир», «Сынған тіс» және «Сұлутөр» сияқты туындыларына ерекше саяхат жасады. Жазушының Сұлутөр бөктерін сипаттайтын әр шығармасындағы қызықты оқиғаларға балалар бірге қатысқандай көңіл күйде болды. Іс-шара соңында «Туған өлке мақтанышы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Comments