Жамбыл облыстық мәдениет мұрағаттар және құжаттама басқарма басшысының орынбасары Жинақбаева Мүбарак Қасымқызы және Т.Рысқұлов ауданы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сыбанов Мұратбек Әйтімбетұлы өздерінің құттықтау сөздерімен облыстық семинарды ашты.
CommentsЖамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының Мерзімді басылымдар секторының кітапханашылары Дүйсенова А.,Сүгірбаева А. ұйымдастыруымен 2015 жылдың 12-ші қазанында №33 орта мектебінің 6-сынып оқушыларының қатысуымен «Батыр Ағаділ Сухамбаев туылғанына 95 жыл» атты тақырыбында әңгіме – презентация өткізілді.
CommentsЖамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында мерзімді басылымдар секторының меңгерушісі А. Баймағамбетованың ұйымдастыруымен ҚР Конституциясының 20 жылдық мерейтойына арналған «Ата Заңым – ардағым» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараның мақсаты: еліміздің қабылданған Ата заңының өмірлік қажеттілігін ұғындыру, заңды өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық сауаттылығын жетілдіру, патриоттылыққа тәрбиелеу.
CommentsЖамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында балалардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезіміін ояту мақсатында көптеген іс-шаралар өткізілуде. Атап айтатын болсақ үстіміздегі жылдың басынан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының - 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің - 70 жылдығы, Қазақ хандығының - 550 жылдығы, Ата Заңымыздың - 20 жылдық мерейтойларына арналып өткізілуде. Сондай -ақ еліміз егемендік алғалы бері Елбасымыздың төл перзенті іспетті болған Астана қаласының мерейлі мерекесін әр жыл сайын дәстүрлі түрде атап өткізіп келеміз.
Comments