Оқырмандарды ақынның өнегелі өмірімен таныстырып, шығармаларына шолу жасап, өлеңдері мен әндерін насихаттау мақсатында Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жерлес ақын, жазушы, журналист Серік Томановтың 60 жыл толуына орай «Жалындаған ғұмыр, жарқылдаған жырлар» атты еске алу, әдеби сазды кешін өткізді.
CommentsОрыстың көрнекті балалар жазушысы Е.И.Чарушиннің 115 жыл толуына орай бүлдіршіндер секторының ұйымдастыруымен «Наши четвероногие друзья» тақырыбында викториналық презентация өткізілді. Іс-шараға № 18 орта мектебінің 3 «А» сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: оқушыларға Е.И.Чарушин туралы, ақынның шығармашылығы, өмірі жайлы айту. Оқушылардың ой-өрісін, қызығушылығын ояту.
Comments2016 жылдың 18 наурызы күні Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы 22-наурыз Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Наурыз қазақ жерінде» атты мерекелік кеш ұымдастырып өткізді.
CommentsОқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға, ерлік пен батылдыққа баулу, патриоттық тәрбие беру мақсатында Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқу залы секторы жоғарғы сынып оқушыларымен Қайрат Рысқұлбековтың туғанына - 50 жыл толуына орай «Құйынға түскен жас ғұмыр» атты әдеби буриме өткізді.
Comments