10 тамыз – Абай күні мерекесіне орай «Абай мұрасы-халық ұлағаты» онлайн ақпараттық күні ұйымдастырылды. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай кітапханада «Абайды оқы, таңырқа!» атты кітап көрмесі таныстырылды.
Көрмеде Абай Құнанбайұлының өлең жинақтары, хикмет кітаптары, қара сөздері, жалпы шығармашылығы көрініс тауып, ұлы кемеңгердің өмір жолы мен шығармаларына арналған ғалым-жазушыларымыздың зерттеулері мен еңбектермен танысуға болады. Көрме жыл бойы кітапханаға келушілерге қызмет көрсетеді.
Және де Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай биыл жарыққа шығатын барлық жаңа дүниелер ең бірінші кезекте осында қойылып, оқырман қауымға таныстырылатын болады. Іс-шара барысында ұлы ақынның өмір жолы мен шығармалары туралы ақпарат беріліп, «Әсем әуен» вокалдық үйірме жетекшісінің орындауында «Желсіз түнде жарық ай...» әні шырқалды.
CommentsҚР Тұңғыш Президенті, мемлекет және қоғам қайраткері Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың 80 жасқа толуына орай оқырмандардың жүрегіне еліне, жеріне, Отанына, Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, оларды құрметтеу, патриоттыққа баулу, елбасымыз салған сара жолымен жүріп, ел үшін еңбек сіңіріп, қазақ елінің елеулі азаматы болуға шақыру мақсатында «Елімен етене Елбасы» бейнероликпен Елбасының «қолын алған» азаматтармен сұхбат жүргізілді. Бейнеролик барысында Елбасының өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы ақпарат беріліп, Жамбыл облысы өңірінен Тұңғыш Президенттің қолын алып марапатталған азаматтар көрсетілді.
CommentsЖазушы, драматург, публицист Елен Әлімжанның 75 жыл мерейтойына орай Елен Әлімжанның қатысуымен «Әдебиет пен өнердің жанашыры» жазушы бенефисі өткізілді. Онлайн сұхбат барысында ақынның өмір жолы, шығармашылығы, болашақ жоспарлары жайлы сауалдарға жауаптар алынып, оқырмандармен әңгіме жасалды.
CommentsД.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері «Біз біргеміз бәріміз» жобасының аясында мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмек беріп, жаңа оқулықтармен таныстырды
Аталмыш жоба бірнеше жылдан бері тұрақты түрде іске асырылып келеді. Биыл да 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінен бастау алған игі шара «Бала деген бір бақыт» тақырыбында өз жалғасын тапты. Шара аясында кітапханашылар мұқтаж жандардың үйлеріне барып, тұлға болып қалыптасуына ықпал етуге септігін тигізетін сыйлықтар таратты.
Кездесу барысында кітапхана қызметкерлері мүмкіндіктері шектеулі оқырмандармен бірге ән салып, көңілдерін көтерді. Сондай- ақ балаларға жас ерекшелігіне қарай «Төрт түлік», «Ертегім менің, ертегім», «Ертегілер әлемінде», «Менің сүйікті ертегілерім», «Күл қыз», «Арыстан мен патша», «Әжемнің ертегілері», «Әріптермен танысу», «Өнегелі ертегілер» т.б. жаңа кітаптар ұсынылды. Мекеме басшысы Г.Инкарбекованың айтуынша, бұл жоба бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі жандардың ортаға бейімделіп, жаңа дүниелермен танысуларына, сол арқылы өздерін дамытуларына айтарлықтай көмек беріп отыр.
Кітапхана мамандары бұл бағыттағы жұмысты жыл соңына дейін жүргізуді жоспарлауда.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=1062&start=732#sigProGalleriaed89d5c819