" Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Құқықтық мәдениет" арнайы жобасы аясында Керімбай атындағы #12 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушылары арасында "Жемқорлыққа жол жоқ! " пікіралмасу өтті.
Іс-шараға аталған мектептің ДҚІЖО Д.М.Сейдуалиев, кітапхана меңгерушісі М.Р.Егембердиева тақырып бойынша өз пікірлерін айтты.
Оқушыларға көрмедегі кітаптар таныстырылып, шолу жасалды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=1062&start=616#sigProGalleriaee55d851bc
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және «2021жыл – Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында «Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте» аудандық кітапхана оқырмандарының арасында облыстық жас зерттеушілер байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: жастардың интеллектуалды шығармашылық даралығын, танымдық қабілетін жетілдіру, ғылыми зерттеу жұмыстарын жазуға қызығушылығын арттыру; туған өлкенің танымал тұлғалары, әлеуметтік-экономикалық ахуалы, тарихи орындары мен ерекшеліктері, өнеркәсібі мен жетістіктері туралы жан-жақты мәліметпен бөлісу.
Осыған орай, Т.Рысқұлов ауданынан Мырзахан Роза «Көсемтаста» көсегесі көгерген кәсіпкер – С.Ә.Дөненбаев, Шу ауданынан Рүстем Анар «Киелі қобыз иесі», Сарысу ауданынан Жеңісбаев Ерболат «Шежіре тұнған, асылдар туған киелі құт мекен – Сарысуым», Байзақ ауданынан Төлеген Еркежан «Бақ дарыған Байзақ жері» және Жамбыл ауданынан Тоқтасын Мөлдір «Ел-жұрты ардақ тұтқан азаматтар» және Қарабек Нұрай «Сыры ашылмаған кесене мен мұнараның айтары бар» тақырыптарда зерттеу жұмыстары ұсынылды.
Байқау қорытындысына сәйкес «Ең үздік зерттеуші» номинация бойынша Шу ауданынан келген үміткер Рүстем Анар, «Үздік презентация» номинациясы бойынша Жамбыл ауданының қатысушы Қарабек Нұрай, «Креативті зерттеуші» номинациясын Т.Рысқұлов ауданының зерттеушісі Мырзахан Роза марапатталды.
Үздік зерттеушілерге қазақ әдебиетінің классиктері Абайдың қара сөздері, Б.Момышұлы, Ә.Нұршайықов, М.Мақатаев, Ж.Аймауытов, Ш.Мұртазаның кітаптар топтамасы берілді. Ынталандыру сыйлық ретінде М.Әуезовтың «Абай жолы» кітаптар топтамасы сыйға тартылды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=1062&start=616#sigProGalleria7396aa7bfc
Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі ЖИТС дертінің алдын алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Дауасыз дерттен сақтан» тақырыбындағы ескерту сағаты ұйымдастырылды.
Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың отбасы аталған ЖИТС (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне ауруда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір-түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде-бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді.
Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын - алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн.
ЖИТС қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ - 1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л. Монтанье тапты.
Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р. Галло вирустың барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп жариялады.
Оқырмандарға ғасыр індеті - «ЖИТС» дерті, оның пайда болуы мен жұғу жолдары таныстырылып, «ЖИТС» туралы әдебиеттерге шолу жасалды.
Оқырмандар өз пікірлерін ортаға салып, тазалыққа, жаман әдеттерден қашық болуға шақырды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=1062&start=616#sigProGalleriac5a00a94de
Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру, Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру, Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу мақсатында №32орта мектеппен бірлесіп, 1 Желтоқсан Тұнғыш Президент күніне орай «Дәуір адамы» мәдени сторителлинг өтті.
⠀ Нұрсұлтан Назарбаев – қазақ халқы үшін Қазақстанның тәуелсіз мемлекетін құрудың басында тұрған, осы жолдағы не қилы тар жол, тайғақ кешуден халқымен бірге өтіп, қиыншылықтарын бөліскен, содан аман алып шығып, әлем мойындаған жаңа мемлекетті қалыптастырған, жаңа астана тұрғызған, елді индустрияландырудың жаңа жобасын өмірге келтіріп, болашаққа бағыттап келе жатқан ұлы тұлға.
⠀ Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген. 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. Президентке «Елбасы» құрметті атағы 14 желтоқсан күні Парламенттің ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиында берілді.
⠀2012 жылдан бастап 1 желтоқсан күні жаңа мереке Тұңғыш Президент күні мейрамы болып белгіленді. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.
⠀ Көрмеге Елбасының өмір жолы мен қызметі жайында мәлімет беретін әдебиеттер, мерзімді басылымдар, суреттер, фотоальбомдар қойылды. Кітапхана оқырмандары көрмеге қойылған кітаптармен танысып зор мүмкіндік алды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=1062&start=616#sigProGalleria4ba19d048c