Д.А.Қонаевтың туғанына 113 жыл толуына орай кемеңгер тұлғаның мемлекетке және халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету мақсатында «Ғасырдың дара перзенті» портрет кеші өтті.
Іс-шара барысында Д.А.Қонаевтың саясат, білім, мәдениет саласындағы үлесі, Д.А.Қонаев еңбектерінің хронологиясы туралы оқырмандарға кеңінен ақпарат берілді.
Портрет кешінде Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің Д.А.Қонаев орталығына саяхат жасалып, кемеңгер тұлғаның соңғы жылдары өмір сүрген пәтері, жеке қолданған заттары, тарихи құжаттары таныстырылды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=1062&start=56#sigProGalleria6cf66304ca
Кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке, халқына сіңірген еңбегін, ерлігін насихаттау мақсатында «Тұғыры биік тұлға» тарихи керуен өтті.
Іс-шара барысында оқырмандарға Д.А.Қонаев жайында ақпарат беріліп, бейнеролик көрсетілді.
Кітапхананың тұрақты оқырмандары арнау өлеңдерін оқып, «Қонаев-ұлы тұлға» кітап көрмесімен танысты.
Бейнені көру үшін біздің YouTube арнасына сілтеме бойынша өтіңіз - https://youtube.com/shorts/HIxhARuV7LI?feature=share
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=1062&start=56#sigProGalleria9db059fc18
Д.А. Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының әдіскері Гүлназ Амангелдиева Жамбыл ТВ телеарнасының “Рауан” бағдарламасына “Кітап - үнсіз ұстаз!” тақырыбында кітапхананың тың жобаларымен бөлісті.
Бейнені көру үшін біздің YouTube арнасына сілтеме бойынша өтіңіз - https://youtu.be/basqwhWzIFw.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=1062&start=56#sigProGalleriaf6855a8768
Отбасылық кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту, оқу мәдениетін арттыру, оқырмандарды оқуға және кітапханаларға тарту мақсатында «Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының 7-15 жас аралығындағы ем алушыларына арналған «Емханадағы рухани терапия» жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ем алушыларға кітап туралы сауалнама жүргізіліп, «Айдаһар қыздар», «Сусыма», «Ұлы дала ертегілері», «Он бес жасар капитан», «Арыстан, мыстан және шкап», «Жер-жаһан ертегілері» және т.б көптеген кітаптар ұсынылды.
Аталған кітаптарға библиографиялық шолу жасалып, оқырмандардың қолына оқуға қалдырылды. Ата-аналары балаларының бос уақыты тиімді әрі сапалы өтілетініне ризашылықтарын білдірді.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=1062&start=56#sigProGalleriad7350e0a80