Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру мақсатында «Сыбайлас жемқорлық – қауіпті әлеуметтік құбылыс» атты пікір алмасу өткізілді.
Іс-шара барысында тақырыпқа сай мәліметтер беріліп, қызметкерлерге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары – Бақтыхожаев Ербол Жұмақадырұлы нақты дәйектер келтіре отырып баяндама оқыды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуымен күресудің бірнеше әдістері көрсетіліп, қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілері де таныстырылып, әріптестермен жағдаяттарды талдау жүргізілді.
Тақырыпқа сай бейнебаян көрсетіліп, кітап көрмесі таныстырылып, сұрақ-жауаптар алмасып қорытындыланды.
Comments6 шілде Астана қаласы күніне орай №13 балабақшаның тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Астана — бақыт бастауы» тақырыбында көрме-саяхаты өткізілді. Жас оқырмандарға Астана туралы мағлұмат беріп, елордамыз Астананың көрікті орындарымен таныстыру мақсатында бүлдіршіндерімізді Отансүйгіштікке, тәрбиелей отырып іс-шараны «Астана», әнін шырқаумен басталды.
Бүлдіршіндер Астана қаласы туралы не білетіндері жайлы ойларын айта отырып, кітапханаға келген жас оқырмандар ертегілер әлеміне еніп, кітапхана қорындағы жаңадан түскен «3D кітап», «Сиқырлы кітап», «Ашылмалы кітапша», «Балаларға базарлық» серияларымен шыққан кітаптарды тамашалап, өте риза болды. Кітапханашы «Елдің мәртебесі Астана» атты арнайы жасалған слайд көрсетілді.
Оқырмандар Нұр-сұлтан қаласына арнап жаттаған тақпақтарын жатқа айтып, №13 балабақшасының музыка жетекшісі Әділ Алихан «Адай» күйін орындап берді. Балапандар өз өнерлерін ортаға салып «Жаз» туралы әндерін шырқады. Іс-шара соңында бүлдіршіндерге тәттілер таратылып кеш өте қызықты өтіп «Бәйтерек» әнімен аяқталды.
CommentsД.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері «Біз біргеміз бәріміз» кітапхана жоба аясында мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмек беріп, жаңа оқулықтармен таныстырды.
Мұқтаж жандардың тұлға болып қалыптасуына ықпал ету мақсатында тізім бойынша жекелеген үйлерге барып, жас ерекшелігіне байланысты «Төрт түлік», «Ертегім менің, ертегім», «Ертегілер әлемінде», «Менің сүйікті ертегілерім», «Күл қыз», «Арыстан мен патша», «Әжемнің ертегілері», «Әуесқой марғау», «Кішкентай маймыл», «Өнегелі ертегілер» т.б. жаңа кітаптартар ұсынылды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=1062&start=340#sigProGalleria51bae80094
Оқырмандардың Астана жайлы білімдерін шыңдап, оның қалыптасу тарихымен таныстыру, болашақ ұрпақты отансүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында «Тәуелсіздік түндігі – Астана» тақырыбында ақпарат күні өткізілді.
видео
Comments