Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет , архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Жүнісбай Ерлан Нұрманұлы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Илебаев Лесбек Құралбайұлы кітапхананың тыныс тіршілігін көріп, қордағы жаңа әдебиеттермен танысты.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=1062&start=300#sigProGalleria7aa6a28886
Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы мектепішілік және полиция бөлімдерінің есебіндегі, тұрмысы қолайсыз отбасыларында тәрбиеленіп жатқан балаларды кітап оқуға тарту, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында №43 орта мектептің балаларына «Кітаппен әлем мейірімді және жарқын» викториналық ойын өткізілді.
Іс-шара барысында «қиын» мінезді балаларды ерте жастан анықтау және қолға алу үшін олармен топтық психологиялық ойындар ойнатылып, оларға қазақ, әлем және Дисней ертегілердің кейіпкерлері жасырылып викториналық сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, кітапхана қорындағы түрлі газет пен журналдар көрмесі таныстырылып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңестер берілді.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=1062&start=300#sigProGalleria34e6fe11a1
Салт-дәстүрлерді сақтап, құрметтеу мақсатында «Зере» әжелер клубының ұйымдастыруымен «Он саусағынан өнер тамған» шеберлік сағат өткізілді.
Аталған шараға ұлттық өнерді насихаттап жүрген жерлесіміз, он саусағынан өнер тамған, көпшілікті ұлттық өнерімізбен тамсандырып жүрген «Шебер шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, ардагер ұстаз, зейнеткер Канибетова Алтыншаш апа мен алты баланың анасы, «Киіз Fest» фестивалінің қатысушысы – Берден Асылкүл ханым және «Зере» әжелер клубының мүшелері қатысты.
Іс-шара барысында әжелер құрақ деген не, құрақ қайда пайдаланылады және құрақтың түрлері, тарихы туралы мәлімет берсе, Алтыншаш апа мен Асылкүл ханым құрақ құрау өнері, оның қызығы мен қиындығы, құрақ атауларымен таныстырып, өзінің қолынан шыққан туындыларымен бөлісті.
CommentsМұзафар Әлімбаевтың – 100 жылдық мерейтойына орай, жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, жазушының шығармаларын насихаттау мақсатында №12 мектеп-гимназиясының оқушыларымен «Балдырған бағбаны» әдеби портрет ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында балалар жазушысының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріліп, кітап көрмесіне шолу жасалды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=1062&start=300#sigProGalleriacde7ac793e