«Шебер қолдар» үйірмесі кезекті сабағында балалар демалыс уақытын тиімді пайдаланып аналарына алғыс айту мақсатында «Ашық хат» тақырыбында аналарына арнап, түрлі-түсті қағаздардан гүлдер жасады.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=1062#sigProGalleria8dcce04f99
Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқырманы – Ж.Жабаев атындағы №5 мектеп-гимназиясының 7сынып оқушысы Әлімахамет Әдия Астана қаласында өткен ІІ Республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауында І орынды иеленді.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=1062#sigProGalleria1755c44774
«Сиқырлы қылқалам» сурет үйірмесінің кезекті сабағы 8 наурыз мерекесіне орай «Менің анама» тақырыбына арналды. Балалар сурет салу арқылы аналарына сыйлық жасады.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=1062#sigProGalleriad5b72789b7
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай, облыстық жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Наурыз – құт-береке бастауы» ұлттық салт-дәстүрлерді ұлықтау кеші өтті.
Кеш барысында халық әндері шырқалып, «Шабыт» би ансамблінің мың бұралған бишілері «Өрнек», «Қамажай» биін орындады. Ұмыт болып бара жатқан «Саумалдық», «Аунату» дәстүрлері көпшілік назарына ұсынылды.
Ұлттық салт-дәстүрді ұлықтау кешінде бауырсақтың, шоқтағы табада нанның пісірілу барысына қонақтарды тартып, ыстық бауырсақ, таба нан мен наурыз көже таратылды.
Кешті тамашалауға келген қонақтар арасында «Арқан тартыс», «Асық ойнау», «Ләңгі тебу»ұлттық ойыны ойнатылды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=1062#sigProGalleriab226283481