балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

Сайтта кім бар

Қазір 127 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1142240
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
2084
2037
5030
2856
12325
1119190
1142240
Ваш IP: 18.117.156.170
Время на сервере: 21-11-2024 13:17:04

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері
-->

Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституция заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.

Мемлекеттік рәміздер көне замандардағы ру-тайпаны қорғаушы болып есептелетін тотемдік аң-құстың бейнелерінен, рудың, әулеттің мал-мүлкіне салынған ен-таңбаларынан шыққан. Мыңдаған әскерлер соғыс майданында жаудан өз сарбаздарын ажырату үшін айырым белгілерін пайдаланды. Ортағасырлық Батыс Еуропада бет-жүзіне дейін темір сауытпен қымталған рыцарьлардың кім екенін айыру қажеттілігінен ақсүйектердің әулеттік таңбасы пайда болды. Одан бұрын көптеген көне қалалардың, қала-мемлекеттердің өз таңбалары болғаны тарихтан белгілі. Б.з.б. 3-мыңжылдықта Шумер мемлекеттерінің арыстан басты қыран бейнеленген таңбалары болған. Грекиядағы Афины үкісі, Коринфтың қанатты пырағы, Родостың раушаны, Самостың тауыс құсы , Византияның екі басты қыраны мемлекеттік рәміздерге жатады. Өзін көк бөрінің ұрпағымыз деп санайтын түркі жұрты бөрінің басы бейнеленген көк байрақ ұстаған.

Қазақ халқында әрбір рудың мал-мүлікке салатын өз таңбасы болды. Соғыс жағдайында межелі жерге әрбір рудың жасағы өз руының таңбасы салынған байрақ ұстап, хан туының астына жиналатын болған. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оның мемлекеттік Рәміздері бекітілді;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы,

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы,

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz