«Болашаққа жоспар - жаңа оқу орнымен!» жобасы аясында мектеп түлектерді еліміздегі беделді оқу орындармен таныстырып, оларға болашақ мамандық таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту мақсатында Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 13-16 мамыр 2024 жылы аралығында колледждер апталығы ұйымдастырылды.
Төле би атындағы №8 гимназия, М.Горький атындағы №13, Шерхан Мұртаза атындағы №30 және №15 мектеп-гимназиялардың 9 сынып мектеп түлектеріне қаламыздағы беделді Жамбыл медициналық жоғары колледж, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледж, Жамбыл политехникалық жоғары колледж және «Аспара» мәнерлік өнер және бизнес колледждердің мамандары оқу орындары туралы толық ақпарат берді.
Мамандар бейнебаян арқылы колледждердің құрылу тарихынан бастап, колледждің оқыту деңгейлеріне, тыныс-тіршілігіне, мектеп түлектерінің шығармашылық емтихандарға қатысуға өтініш беру мерзіміне тоқталып өтті. Сондай-ақ, колледждердің жатақханаларына, практикалық жұмыстарға арналған жабдықтануына, гранттар пен стипендия көлемдеріне де мән берді.
Іс-шара соңында «Мамандық таңдау – болашақ таңдауы» кітап көрмесіне шолу жасалып, колледждердің жадынама парақшалары таратылды.
Comments«Болашаққа жоспар – жаңа оқу орнымен!» жобасы аясында М.Горький атындағы №13 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушылары «Аспара» мәнерлік өнер және бизнес колледждің мамандарымен кездесті.
Колледждің мамандары Әзімханова Аяжан мен Байризова Аяна оқырмандарға колледждің тыныс-тіршілігі бейнеленген роликтерді көрсетіп, оқу орнының құрылу тарихынан бастап, колледждің ұсынатын мамандықтарына тоқталып өтті.
Жылына екі рет әлемдік деңгейде өтетін «Aspara Fashiоn week» сән апталығына колледж білімгерлерінің жұмыстары ұсынылатыны да айтылды.
Кездесу соңында «Мамандық таңдау – болашақ таңдауы» кітап көрмесі таныстырылып, колледждің жадынама парақшалары таратылды.
https://jobjk.kz/kz/?start=96#sigProGalleria2988b26352
«Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында № 13 бөбекжай балабақшасының кішкентай бүлдіршіндерінің қатысуымен «Логопедтік пункт» тақырыбында логопедиялық жаттығулар өткізілді. Іс-шарада логопедтік жаттығуларды жалпақ тіл ұшының жоғары көтеруін және тілді кесе, ожау тәрізді қалыпта ұстауын үйрету мақсатында оқырмандармен ақыл-ойын, логикалық ойлау жүйесін дамытуды көздей отырып арнайы жаттығулар жүргізілді.
Тіл гимнастикасы қызықты және көңілді өтті. Бет пен ерінге арналған артикуляциялық гимнастика кешені үйретіліп, сөйлеу барысында балалардың дұрыс тыныс алуын дамытуға арналған ойындар ойнатылды. Ұсынылып отырған ойындардың барлығы баланың сөйлеу қабілетін арттырды.
https://jobjk.kz/kz/?start=96#sigProGalleria7ee11ffc57
«Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында, 15 мамыр – Бүкіләлемдік отбасы күніне орай отбасылық оқу дәстүрін қайта жандандыру, отбасында туындайтын мәселелердің дұрыс шешімін табу, әртүрлі әлеуметтік сала мамандарынан жауап алу мақсатында «Отбасы –өмір аясы» инфосабақ өткізілді.
«Анаға тағзым орталығының» психолог маманы – Назымбекова Аида Байялыевна бала психологиясы туралы мағлұмат берсе, әлеуметтік көмек беру бөлімінің бас маманы – Шагырбаева Мира Жакудиновна көп балалы, жалғыз басты аналарға үкімет тарапынан берілетін әлеуметтік көмек жайында хабардар етіп , «Отбасы банк» қызметкерінің қаржылық кеңес беру бөлімінің маманы – Дукенбаева Назира Зиятбековна тұрғын үй алу жолдары туралы ашып айтты.
Іс-шара соңында кітапхана қорындағы отбасы туралы кітаптар мен журналдарға шолу жасалды.
https://jobjk.kz/kz/?start=96#sigProGalleria0759ad02ac