Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқу залы секторының кітапханашысы М.А.Расулованың ұйымдастыруымен № 49 орта мектептің 6 сынып оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына орай «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін » атты ауызша журнал өткізілді. Қалыптасқан білім, білік дағдыларын тексеру және жүйелеу. Абай мұрасы – адамзаттың ғұмыр бойы игеріп түйсіне түсетін тұтасқан ғажайып бір әлемі. Абай мұраларын парасатты ой, зерделі санамен оқып үйрену – біздің қасиетті парызымыз. Қазіргі заман ұрпақтары Абайды оқу арқылы өзінің жоғын түгендейді. Абайды оқи алмаған, оның көңіліне тоқи алмаған адамды рухани аш, жүдеу жан деп есептеуге болады.
Comments2014 жылы Алматы қаласына 160 жыл толды. Аталған жылы Алматы қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы болып белгіленді. Осы және өзге де жайттар «Алматы – любовь моя» деп аталатын әңгіме-презентацияда айтылды. Балалар еліміздегі ең көрікті қаланың пайда болу тарихымен танысты. Слайд арқылы оқушылар қаланың ең көрікті жерлерін: Медеу мұз айдынын, Шымбұлақты, Зенковтың жобасы бойынша салынған ескерткіштер мен ғимараттарды, музейлер мен театрларды тамашалады. Осылайша Алматы қаласына жасалған саяхат балаларға еліміздің тарихын танып, әсем ғимараттарын тамашалап, бағалауға мүмкіндік берді.
CommentsТіл туралы тағылымдар арқылы оқушыларды адамгершілік қасиеттерге баулу, тілімізді сүюге, көздің қарашығындай қорғауға шақыру, еліміздің елдігін танытатын тілі мен өнері екенін ұғындыру мен тіл туралы кітаптарды насихаттау мақсатында 21 ақпан - Халықаралық ана тілі күніне орай оқу залы №13 мектептің 5 сынып оқушыларымен "Тілім менің - ғасырлардан аманат" атты жұлдызды қазына өткізді.
CommentsЖыр дүлдүлі, ақиық ақын, ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы Жамбыл облыстық әкімдігінің білім басқармасының «Саңырау және нашар еститін балаларға арналған облыстық «Мейірім» арнайы түзету мектеп-интернатымен бірлесіп «Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған..» атты поэзиялық әдеби кеш өтті.
Comments