Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз», - екенін атап өтіп, 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады.
⠀Осы бағытта былтырғы жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен қолға алынған «Балалар әдебиеті жылы» биыл да жалғасын тауып отыр.
⠀ Баланы оқыту, білім беру, денсаулығын қадағалау, әлеуметтік жағдайын жасаумен қатар, өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін оның жан-жақты дамуы, қызығушылығын одан әрі жетілдіру өте маңызды.
⠀Бүгін «OrdaGen» атты балаларға арналған ертегілер жобасы аясында жарық көрген танымдық оқу құралдарының тұсаукесері өтті. Бұл жоба ұлттық, рухани, танымдық құндылықтарды баланың санасына ертегі арқылы жеткізіп, жас оқырманды ізгілік пен ізеттілікке, адамгершілікке баулиды.
⠀ Бүгінге дейін аталмыш жоба аясында 1000-ға жуық заманауи ертегілер жазылып, әр ертегінің аудионұсқасы дайындалды. Ең көп оқылған, тыңдалған ертегілердің мультфильм нұсқасы түсіріліп, «OrdaGen» мобильді қосымшасы арқылы бүлдіршіндерге тегін пайдалануға берілген.
⠀ Іс-шараға: Жамбыл облысы әкімінің орынбасары – Д. Кәрібек, облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы – Б. Жамангозов, «OrdaGen» жобасының жетекшісі – Т. Парасат, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі – А. Көпжасарова, сатирик-ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист – Б. Советұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл облыстық филиалының меңгерушісі – Х. Есаман, ақын, республикалық «7арна» телеарнасының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Д. Әлімқұлов; көпшілік және мектеп кітапханашылары қатысты.
https://jobjk.kz/kz/?start=864#sigProGalleriac7e84ae626
Биыл көне шаһар тұрғындарының көзі, құлағы һәм тілі бола білген қалалық «Jambyl-Taraz» газетінің жарық көре бастағынан 25 жыл. Ширек ғасыр шеңберінде аталмыш басылым облыс орталығының бас жылнамасына айнала білді. «Газет оқу – зиялылықтың белгісі» атты газет тілшілерімен кездесу кеші өткізілді.
⠀Кездесу кешке «Жамбыл-Тараз» газетінің бас редакторының орынбасары Бекнұр Сатыбалдиев, «Jambyl-Taraz» газетінің тілшісі Ефимов Юрий Рефатович, «Jambyl-Taraz» газетінің тілшісі Сәндібек Піренов қатысты.
Шаһардың бас үнпарағы – облыстың ақпарат айдынында өзіндік орны, қайталанбас қолтаңбасы бар.
⠀ Кешке келген қонақтар газет тарихымен таныстыра отырып оқырмандардың қойған сауалдарына жауап берді. Газет ұжымы туралы бейнеролик жасалып, алғаш шыққан газеттер көрмеге қойылды. Кеш соңы кітапхана қызметкерінің орындауыдағы әсем әуенмен аяқталды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://jobjk.kz/kz/?start=864#sigProGalleria68ccc740d9
"Рухани жаңғыру" бағдарламасының «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» арнайы жобасы аясында 21 мамыр – Мәдениет пен өнер қызметкерлері күніне орай «Мәдениет майталмандары» дара жол онлайн кездесу кеші ұйымдастырылды.
⠀Кездесу кешінің қонақтары: Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншілері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шағырбаев Бақыт Қысатайұлы мен дәстүрлі әнші Тілеубеков Жақсылық Тұрсынбайұлы.
⠀Кездесу барысында әншілер туған өлкелері Талас ауданы туралы, отбасыларымен, дәстүрлі ән өнеріне келген сәттерімен, үлгі тұтар ұстаздары мен артарынан ерген шәкірттері туралы айтып берді. Онлайн оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, дәстүрлі әндерді жаңғырту бойынша жобалары мен жоспарларын, жеткен жетістіктерін баяндады.
⠀Әншілер қоғам қайраткері Д.А.Қонаевқа арналған «Дәуір тұлға» арнауын орындап, Шәмші ағаның «Аққұлар», «Арыс жағасында» әндерін, «Қарабауыр қасқалдақ», «Ән аға» дәстүрлі әндерін де нақышына келтіріп оқырмандар назарына ұсынды.
https://jobjk.kz/kz/?start=864#sigProGalleria9eb06c11dc
Олжас Сүлейменовтың туғанына 85 жас «Ұл мақтанышы – Олжас Сүлейменов» Танымдық сағат
⠀ Орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы, Төтенше және Өкілетті Елші, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменовтың туғанына 85 жас толуына орай оқырмандарды ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстыру мақсатында «Ұлт мақтанышы – Олжас Сүлейменов» танымдық сағат оқырмандар назарына ұсынылады.
Олжас Сүлейменовтың туғанына 85 жас «Ұл мақтанышы – Олжас Сүлейменов» Танымдық сағат
Comments







