4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай оқырмандарға аса маңызды мемлекеттік белгілер рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету, Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тілін, тарихын сүюге тәрбиелеу мақсатында «Рәміздер мақтанышым» тақырыбында кітап көрмесі қойылып, слайд-презентация көрсетілді. Төле би атындағы №8 гимназияның жазғы лагерь оқушыларымен «Ел рәміздері - ел рухы» библио-викторина, ал № 23 мектеп оқырмандарының қатысуымен «Рәміздерім елдігімнің белгісі» информ өткізілді.
Comments1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні
«Бар жақсылық – балаларға!» Бұл ұран сонау Кеңес кезеңінің ұраны болса да, әлі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Бұл ұранның әлі күнге дейін мәнін жоймағандығын, келешек ұрпақ тәрбиелеуде біздің ең басты ұранымыз болып қала береді.
Comments
«Талантты тұлға»
кітап көрме
Николай Васильевич Гогольдың – 210 жасқа толуына орай көпшілікке кеңінен танымал шығармалары ұсынылған «Талантты тұлға» кітап көрмесі жасақталды.
https://jobjk.kz/kz/?start=680#sigProGalleriaa88dcf4a24
«Сатира жанрының саңлағы»
кітап көрмесі
Оспанхан Әубәкіровтің 85 жасқа толуына орай оқырмандар назарына «Сатира жанрының саңлағы» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ақын, мамандығы актер болғанымен, республикалық газеттерде, «Ара» журналында сатиралық жанрмен жұмыс жасап, балаларға арналған өлең, жыр, ертегі, пьеса, белгілі композиторлардың әндеріне мәтін жазумен бірге аудармамен де айналысқан.
https://jobjk.kz/kz/?start=680#sigProGalleriadafd39d6b9